Home » Жаңалықтар » «Біз таулықпыз!»

«Біз таулықпыз!»

Жуырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы С.Бейсембетұлы атындағы № 2 орта мектепте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепшілік іс-шара өтті. Екі топтық жарыс арқылы өткізілген кештің ұйымдастырушысы қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлдана Тоқтыманова. Топтық жарысқа белсене қатысқан сегізінші сынып оқушылары: Даниза, Гүлшат, Ерғанат, Жанбота, Берік, Ақтілеу, Марлен, Қуанышбек, Дидар, Айым, Мөлдір, Айқын, Жанель, Асел қатысқан жарыс алты кезеңнен өтті:

1) Таныстыру

2) Мәнерлеп оқу

3) Көрініс

4) Өлең жалғастыру

5) Сұрақ-жауап

6) Ән

Әр топ өзіне Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінің атауын топтың аты етіп қойды. Мысалы, бірінші топ өздерін «Біз таулықпыз» деп атаса, екінші топ «Есіңе мені алғайсың» деп таныстыруларын оқыды. Ақынның өлеңін нақышына келтіріп оқи алған оқушыларға әділқазы алқасы жоғары баға берді. Сонымен қатар,ақынның поэмасына қойылған көріністерге куә болып қайттық.
Бүгінде бүкіл қазаққа мәлім тұлғаның ғұмырнамасына қатысты тосын сұрақтарға кідірмей жауап берген балалардың дайындығының жоғары екені көрініп тұрды. Десе де, жарыстың аты жарыс. Көрініс қою жағыннан оза шапқан «Біз таулықпыз» тобы жеңіс туын желбіретті. Іс-шараның соңы ақын жырына жазылған әсем әндермен қорытындыланды. Бұл жөнінде ұйымдастырушы Гүлдана Тоқтыманова «менің мақсатым ақынды оқушыларға танытып қана қоймай, оларды өздігінен ізденуге үйрету.
Дайын нәрсені баланың қолына ұстатқаннан гөрі, қалай дайындалғанына мән бергізу керек. Менің де ойым осы еді. Олар Мұқағали атамыздың ақын екенін біледі, бірақ ол жолға қалай келгенін білмейді. Соны ізденіп, тапсын деп осындай топтық жарыс өткіздім. Біз оқушыларға не қызықты екенін білуіміз керек. Және олардың оқуға деген ынтасын арттыратын осындай іс-шара өткізуіміз керек» — деді. Пайымдалған пікірден кейін, поэзияны жанындай жақсы көріп, Мұқағалиды пір тұтатындарға, менде ақ тілегім айтып, ақ жол тілеп қайттым!

Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы облысы,
Райымбек ауданы,
Жалаңаш ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.