Интеллектуалды ойын
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тату болуға, топтық жұмыс жасауға үйрету.
Балаларды ойын шартымен таныстыра отырып, олардың білім сапасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және біздің сүйікті балалар! Бүгінгі біздің «Біз — тапқыр баламыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
«Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар» — демекші, бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар.
1 топ — «Қызғалдақ»
2 топ — «Бәйшешек»
3 топ — «Күнбағыс»