Home » Ашық сабақтар » Біз салауатты өмірді қолдаймыз

Біз салауатты өмірді қолдаймыз

Тоқбергенова Самал Дәуренқызы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,

Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің

өзін-өзі тану пәні мұғалімі

 Мақсаты: 

Салауатты өмір салтына қатысты қағидаларды айта отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмін тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға баулу.

Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер.

Қатысушылар: 8-10 сынып оқушылары.

ЕСІРТКІ ТАРИХЫНАН

Адамзат өз дамуында діни,салт – дәстүрлік мерекесінде және тән мен жан ауруында кейбір өсімдік түрлерін қолданған. Мұндай «ішірткі» дайындау, қолдану құпиясы құшынаш, сиқыршылардың қолында болып, олардың дәрежесі тайпа көсемдері, фараондармен теңелді.

Біздің эрамызға дейінгі 2250 жылда өмір сүрген вавилондық патша Хамурапидің Кодексінде ауру тіс ойығына дерт әсерін басу үшін меңдуана сығындысын салу жөнінде айтылған. Гомердің «Одиссеясында» (б.э. дейінгі Vll ғ.ғ.). Троя патшайымы Елена, «қайғыны сейілту, қатты ауруды қуу және барлық кеселдерді ұмыттыру үшін», жауынгерлерге апиын салынған шарап ішкізген.

Грек мифологиясынан Эскулаптың (б.э. дейінгі шамамен 1200 ж.) қатты ауруды басу мақсатында үнді кендірі бар емдік ішімдік қолданғаны туралы оқи аласыз. Ежелгі  грек тарихшысы Геродот жазғандай, б.э.д. V ғасырда Каспий теңізі жағалауында өмір сүрген скифтер кендірді өсіріп, оның тұқымдарынан ұйқы келтіретін сусын дайындаған.

Америкадағы үнді тайпалары діни мейрам кезінде кактустың бір түрі – пейотаның ұшар биік жапырақтарын келтіріп пайдаланған. Үнділіктерге әсер еткен, кейін мәлім болған мескалин деген зат. Ол химиялық қасиеті бойынша күшті препарат – адреналинді еске түсіреді. Ол тудырған емес (галлюцинация) құдай тарапынан болады деп сенген.

Жерорта теңізі жағалауларында өсетін мандрагора өсімдігінің де ерекше қасиеті бар деп саналады. Зерттеушілер көрсеткендей мандрагора тамыры бойында әсері күшті есірткі заттарына ұқсас заттар (скополамин, гиосциамин және басқа алколоидтар) бар. Ол медицинада бүгінде де қолданылады.

Сонымен қатар өсімдік – саңырауқұлақтарды, атап айтқанда спорыньдарды орыстар нанға араластырылып пайдаланған

 

НАШАҚОРЛЫҚ – ЕРЕКШЕ ДЕРТ

Есірткі заттар пайдалану дәстүрі ежелден белгілі, сондай-ақ оған қарсы күрес сол кезден бастап жүргізіліп келеді. ХІІІ ғасырда Египет пен Сирия елінің билеушісі болған Бейбарыс І сұлтанның өмірі жөніндегі «Спрат Бейбарыс» халық эпосының бір үзіндісінде оның Каир қаласының түкпірлі бөлігінде жемқорлықпен, жезөкшелікпен және гашиш шегуге қарсы қалай күрескені жөнінде баяндалады.

ХІХ ғасырға дейін, мыңжылдықтар бойына есірткі заттар табиғи түрінде қолданылды. Мәселен көк жапырағы мен апиын магы гүлінде болатын кокаин және морфий қолға оңай тиетін. Оларды шайнап, алкогольді ішімдіктерге ерітіп қолданды, алайда ондағы белсенді заттар әсері төмендейтін. Бір ерекшелігі есірткі заттарды тек ересектер пайдаланып, олардан балалар мен жасөспірімдер аулақ болды.

Есірткі заттарға мистикалық, діни және дәстүрлік мақсатта тек кейбір адамдар ерекше жағдайда жүгінетін еді.

Органикалық химия өндірісінің дамуы мен морфий, кокаин, одан кейін героин синтезделуіне сәйкес есірткі заттарды қолдану  түрі мен оларды пайдаланатын контингент өзгерді. Ал ХІХ ғасырдың ортасында тері астына дәрі егетін піскек (шприц) жасалуына байланысты, наркотикалық заттар медицинадан өзге мақсатта қолданыла бастады.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында есірткі заттарды шектен тыс балалар мен жасөспірімдер пайдаланып, нашақорлық барлық контингенті қамтыды, дүниежүзілік проблемаға айналды.

Соған байланысты қазіргі кездегі қалыптасқан жағдай бұрынғы кезден басталады деп ойлау қате. Өйткені тек бүгінгі кезеңде есірткі қолдану өзінше дәстүрге айналды, бұған көз жұмып қарауға болмайды. Сондықтан есірткі заттардың залалын тежеуге болады, сөйтіп қоғам бұл проблеманы оңай жеңе алады деген  алдамшы ойдан аулақ болған жөн.

Бұдан он жыл бұрын Қазақстанда вена ішіне есірткі зат егетін наркомандар саны көп емес еді. Шығыс дәстүр бойынша наша мен марихуананы Кеңестер Одағы күйреді, Кеңестен соңғы елдер территориясын «ауыр жарнамамен» бірге,  «ауыр есірткілер» жаулап алды. Европа, Америка елдерінен арзан Ауған апиыны, құрамында эфедрині бар Қытай препараттары, ЛСД және экстази бар керуендер көптен келе бастады. Оған қоса дискотекалар, түнгі барлар саны өскен сайын кешегі «үй күшік»қыздар мен ұлдар есірткінің анашадан экстазиге дейінгі бар түрін талғамсыз игере бастады. Алматы қаласында анаша және марихуанамен бірге марка, жапсырма, сағыз түріндегі мак, героин, экстазидің саудалары жүре бастады. Наша іскерлері рынокты білікті түрде игеруді үйренді, нашақорлар армиясын тиімді пайдаланды. Жастар арасында есірткі заттар модаға айналды, кейде міндетті атрибутті иеленді.

ЖАДЫҢЫЗДА САҚТАҢЫЗ!

НАША ҚОЛДАНАТЫН ЖАСӨСПIРIМДЕГI 12 «АУЫТҚУ»

  1. Оқиғаға байланысты емес көңiл-күйiндегi шұғыл және жиi өзгерiстер;
  2. Бейжайлық (маужырауға дейiн) немесе шектен тыс белсендiлiк, дене қимылы, көп сөздiлiк, тәбетiнiң артуы;
  3. Ұйықтау мен ояну ритмiнiң бұзылуы (төсекке кеш жатып — кеш ояну);
  4. Күннен күнге арта түсетiн бет жасыру, оқшаулану (отбасылық проблемаларға қызығушылық танытпау);
  5. Оқуға және бұрынғы әуестiгiне қызығушылық төмендейдi;
  6. Көбiне оңаша қалуға ынталану;
  7. Ақшаға деген сұранысының артуы, оны алу үшiн, ойдан себеп құрастыру, үйдегi ақша немесе заттар жоғалуы;
  8. Жаңа күдiктi достардың пайда болуы, олардың жасөспiрiммен оңашада кездесуге тырысып, түсiнiксiз «кодталған» сөздермен әңгiмелесуi;
  9. Жасөспiрiмнiң қарашық өлшемiнiң нүкте сияқты кiшiреюден бастап түстi қабығының «жоғалғанға» дейiн кеңеюi. Бұл құбылыстар жарыққа тәуелдi емес;
  10. Айналаны бажайлау (координацияның бұзылуы, жасөспiрiм қозғалысы ебедейсiз және көзге түскендей көрiнедi;
  11. Жылы күндерi ұзын жең көйлек киiп, аяқ пен қолдағы көктамыр (вена) бойымен «жол» — егу орнының түсуi;
  12. Себепсiз жоғары агрессиялық қрекет.

Дәрiгер — наркологтар егер сiздiң балаңыздың бойынан осы айтылғандардың 5 себебi байқалса, онда сiз жасөспiрiмнiң бұл қауiптi дертке шалдыққандығы туралы мықтап ойлануыңызға болады деп есептейдi.

АЛКОГОЛЬ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Ежелгі кезден бастап қоғам маскүнемдікпен күресіп келеді. Ескі Рим заңдарында спиртті ішімдіктерді 30 жақа толмаған жастарға қолдануға тиым салды. Көне Грецияда 18 жасқа дейінгілерге, сондай-ақ үйлену тойында ішуге тосқауыл қойылды. Мұндай тиымдар Қазақстанда да, Ресейде де болды.

Арақтың басты қасіреті-адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген үгіт-насихатқа қарамастан, елдің басым бөлігінің алкогольдік тәуелділік қалыптасуының заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шықты.

Өкінішке орай, көпшілік арасында алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, ал бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай деген жалған түсінік қалыптасқан.

Мәселен арақ ішу кейде жұтқынщақ, кеңірдек, ауыз қуысы, ас қорыту ағзаларының қатерлі дерттеріне, жүрек қантамыр жүйе сырқаттарына, нервтік-психикалық кеселдердің себептері болуы ықтимал.

Отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен-бірі ата-аналарының маскүнемдігіне байланысты. Өз кезегінде мұндай балалар басқалармен салыстырғанда зұлымдыққа және арақты шектен тыс ішуге жиірек бейім болады.

Арақ ішумен бақытсыз оқиғалардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50%-і сабақтас. Жол-көлік оқиғаларында да алкогольдің алар орны ерекше.

Статистикалық деректер, спирттік ішімдік ішетін жоғары класс оқушыларының саны 55%-тен (1985ж.) 90%-ке дейін (1995ж.) өскендігін көрсетеді.

Спирттік ішімдіктерді қолдануға әуестену көбіне салт, дәстүрге де байланысты. Балалардың санасында онды эмоциялар (мерекелер, кездесулер, той-томалақтар, қонақ күту және басқалары) мен арақ ішу қалады.

Мысалы, әлеуметтік зеттеу мәліметтері жасөспірімдердің 63,4%-і алкогольді ішімдікпен 12-15 жасында танысқандығын көрсетті.

Алкогольдік негіз қалыптасуы мүмкін кезең-жасөспірім кезеңі. Бұл кезде организмнің психологиялық-эндокриндік қайта құрылуы жүзеге асады. Жаңа құндылықтар, қызығу мен талаптар пайда болады. Мінез және тұлғалық қасиеттер жетіледі, ата-аналардың және жалпы алғанда ересектердің қамқорлығынан құтылуға талпыныстар жасалады.

Бірақ өмірлік тәжірибе жоқтығы және ұмтылыстар мен ой түюлер бағытының айқын еместігі кейде жасөспірімдердің мінез-құлқында қиындық тудырып, оларды бұрыс айтуға және жалған әрекет жасауға жетелейді.

Сондықтан осы кезеңде, басқа кезге қарағанда өз құрбыларымен топқа бірігу реакциясы пайда болады. Сонымен бір мезгілде өздерінің бағыт-бағдар құндылықтары, бос уақытты өткізу тәсілдері, көптеген проблемаларды шешу әдістері (мәселен былай айту: «бөтелкесіз бұл мәселе шешілмейді») қалыптасады.

Бұл кезде ата-аналар немесе мұғалімдер тарапынан олардың мінез-құлқын түзетуге (коррекциялауға) әрекет ету, өз еркіндіктеріне және бостандықтарына қол сұғу, құқықтарын тежеу ретінде қабылданады.

Кейде алкогольдік дәстүрлер өздерінің тиым салу мен алкогольге қарсы үгіт-насихатқа қарағанда итжанды өміршеңдігін көрсетеді. Бұл көбіне алкогольдік салттарға бетперде ретінде әрбір тұлғаның жеке қажеттіліктерінің қанағаттануы (мәселен, қарым-қатынас жасауға ұмтылысы, топқа жіктелуі, өзін көрсету және тағы басқалары) ұсталады.

Кәдуілгі жағдайда алкогольдік компаниялар жалпы іс-әрекет негізінде қалыптасады. Оған кіру әдетте жаңа әлеуметтік статус алумен, белгілі бір әлеуметтік рөлге енумен сәйкес келеді. Жас адамға бұл сондай-ақ ересектерге еліктеу және «керемет» ересек өмір сүруге бой ұрудың нәтижесі болуы мүмкін. Оның санасында аталған әрекет ішімдік ішумен теңестіріледі.

Сонымен бірге алкогольдік компанияға нақты өмірден қашу да жетелеуі ықтимал. Алкогольдік топқа (компанияға) жеңіл, алайда ат-үсті қарым-қатынас жасау тән.

Маскүнем тобырының әрекеті көбіне кездейсоқ болады. Компания мүшелері арақ ішу талабын жиі түсінбейді және де алкоголдік эксцесс «өзінен-өзі», тобыр мүшелерінің бір-бірімен кездесуінде туындайтындай сезіледі.

Маскүнемдік тобыр коптеген жағдайда өз мүшесінің мінез-қылығын білдіреді. Ол «алкогольдік ар кодексі» сияқты өзіндік құндылықты тудырады және таратады. Компания мүшелері өздеріне тән алкргольдік жаргонды меңгереді.

Тобыр мүшелері бір-бірімен кездескен кезде міндетті түрде арақ ішу, сол кезде алкогольдің бірдей мөлшерін, тең бөліп қабылдау жиі талап етіледі (бұны сауалнама жасалған еркектердің 39,3%-і және әйелдердің 13,5%-і атап өтті).

Алкогольді қабылдаумен (арақ ішумен) сабақтас өмір салты міндетті түрде әлеуметтік белсенділіктің жоғалуына әкеледі. Адам барынша менмендік (эгоист) талап шеңберінде шектеледі.

Өзінің алкогольді шектен тыс қолдануын сипаттап және түсіндірудің жүйесі пайда болады. Мұнда маскүнемдікті ақтау оның өмірлік көз-қарасының бір бөлігіне айналады. Салауатты өмір салтымен оны ұстанатындарға күмән қойылып, оған мойынсұнбау пайда болады.

Араққорлықпен кесел ретінде ауыр асқынулар және әлеуметтік дезадаптациялармен сипатталатын дерттің ең алыс, финалдық кезеңдері теңестіріледі.

Сондықтан үгіт-насихат шараларының деңгейі жоғары және психологиялық тұрғыдан қарағанда жасөспірімдерге түсінікті болуы аса қажет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.