Home » Балабақша » Біз мектепке барамыз

Біз мектепке барамыз

Асхар Рина

Астана қаласы, №7 «Аққу»

балабақшасының тәрбиешісі

 Барлығы бірге:  Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылданыз мың алғыс!

1-бала: Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәріңізде есен-аман бармысыздар?                               Айару

Таусылмайтын ағытып ой арманың,

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастайық.

2-бала: Ақ тілекті ағытып біртастайық ,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.                              Ердәулет

Жүздерінен көркем шаттық арайлы,

Болсын солай әрбір күнің ,әр айым.

3-бала: Аделя Құрметті достарым менің, бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.

 1-тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салып отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Қане-кей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

2-тәрбиеші:       Мерекеде сызылатын ән салады

                            Ән айтып би де билеп жан салады

                            Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

                            Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән «Балабақша»

2-тәрбиеші:  Алдыңдағы балалар, Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір-бірден, қимай кетіп барады-дей отырып ортаға балаларымызды балабақшаға арналған өлең жолдарын айтуға шақырамыз.

1-бала: Мадина

Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби  жастықтың

Қуанамыз  сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

2-бала: Әмина

Балабақша есігін

 Үшке тола ашқанбыз

Едік аппақ нәресте

Көп-көп бөбек көргенде

Жұбанғаным есімде.

3-бала: Әли

Ботақаным бөбек деп

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз!

4-бала: Інжу

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті деп бөбегің

Туған Отан қуансын

5-бала:Малика

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз.

6-бала: Ш.Ахмедияр

Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

7-бала: Әділхан

Мәпелеген анамыз,

Бақша болды панамыз.

Мектепке енді барамыз,

Оқып білім аламыз.

8-бала: Аружан

Мектепке енді барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп  тұрамыз.

Ән

1-жүргізуші: Балаларымыз балабақшаға ең алғаш кезінде сондай сүйкімді, тәтті қылықты болған. Келесі кезекті балаларымыздың алғашқы балабақшаға келген кезінен кішкене бейнетаспаға назар аударайық (Осы топ балаларының кішкентай кезіндегі слайд көрсету).

Кішкентай сәбилер келеді. (Балаларға өлең жолдарын арнайды. Балаларға сыйлықтарын беру)

Көрініс: «Үш ана».

Тақпақтар:

С. Айша: Наш любимый детский сад

Он всегда нам очень рад

Утрам весело встречает

Всех на завтрак приглашает

На прогулку нас  ведет

И танцует и поет.

Айда:   Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата-анамызды

Мектеп кетіп барамыз.       

Дания:  Наш любимый детский сад

Ты наш дом второй

Расставаться в тот час

Грустно нам с  тобой .

Арман:   Добрый детский сад спасиба

Много сделал ты  для нас

Очень  жаль с тобой прощаться

Но пора нам в первый класс.

Жанель: Үлкендердей тап- таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана.

 Би: «Көңілді паровоз»

Ғажайып сәт: «Карлсон бізде қонақта»

Карлсон: Қалып қойдым ба! Мүмкін емес!

2-Жүргізуші: Уайымдамаңыз. Қалып қойған жоқсыз. Біздің мерекеміз жаңа ғана басталды. Қараңыз балалардың да, ата-аналардың да көңіл күйлері мереке қарсаңына сай тамаша. Ал сен кімсің? Балалар бұл кім?

Балалар: Ол шатырда тұратын Карлсон ғой.

Карлсон: Ал бұл жерде не болып жатыр ,неге барлығы жиналып қалған?

1-Жүргізуші: Біздің балалар балабақшамен қоштасып, мектепке баруға дайындалып жатыр.

Карлсон: Ментепке не үшін барасындар?  (Балалардың жауабы)

  1. Оқып білім алу үшін.
  2. 2. Еліме еңбек ету үшін.
  3. Білімді азамат болу үшін.
  4. Ер жетіп Отанымды қорғау үшін.

Мектебің анау классың,

Осында он бір жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Карлсон: Мектеп, мектеп дейсіңдер ондай болса қазір мен сендерді ойын арқылы тексеремекшімін. Менің ойыным «Адасқан сандар»

Ойын: «Адасқан сандар»

Ойын: «Сөз ойла және тез ойла»

2-жүргізуші: Карлсон көрдіңіздер ме біздің балаларымыз білімді, ақылды, қандай тапсырма болса да орындайды. Келесі кезекті «Әже жүрші мектепке» әніне береміз.

Ән: «Әже жүрші мектепке».

Карлсон: Балалар, сендер ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер. Мектепке барғанда сабақты жақсы оқыңдар.

Мен сендер сияқты ақылды бала боламын, мен сендермен бірге осында қалғым келіп тур.

2-Жүргізуші: Көрдіңіз бе, Карлсон біздің балаларымыз ақылды, өнерлі, білімді балалар.

Енді менің де балаларға дайындаған ойыным бар.

Карлсон: Жақсы болды ғой, менің де ойнағым келіп тұр еді.

Ойын: «Иә, ия», «Жоқ, жоқ»

Мектепке біз барамыз ба?

Кілең бестік аламыз ба?

Айтқан тілді аламыз ба?

Ақылды бала боламыз ба?

Нан жеймін деп жылаймыз ба?

Ертеңгісін тұрамыз ба?

Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

Екі алғанда жылаймыз ба?

Оқушы біз боламыз ба?

1-Жүргізуші: Олай болса ата-аналармен де ойын ойнайық.

Карлсон: Балалардың ата-аналарымен ойынын мен ойнатайыншы.

Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?

Сабақ оқып есепке жүйріксіз бе?

Тамағын уақтылы бересіз бе ?

Сериал көріп жатасыз ба ?

Ұрып баланы оқытасыз ба?

Оқыту мұғалімнің жұмысы деп айтасыз ба ?

Сен оқыт, мен шаршадым деп айтасыз ба ?

Балаңыз үшін балаларды ренжітесіз бе ?

Бала үшін асулардан асасыз ба ?

2-Жүргізуші: Рахмет көп, көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беретін

Ханзада мен ханшайымды

Көрініс: «Ханзаданың ханшайым қызы»

Карлсон: Балалар, менің сендермен өткізген уақытым өте қызықты болды. Сендерден қалмай мен де мектепке барамын. Сендер ақылды балалар екенсіңдер. Бүгінгі мереке ұнап жатыр.

2-жүргізуші: Рахмет саған Карлсон, сен де мейірімді, ақылдысын. Сен біздің бүгінгі қонағымыз бол.

1-жүргізуші: Талай қызық той өткіздік

Бірақ орны бөлекше

Бақшамызбен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше-дей отыра балаларымыз балабақшадағы қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіреді.

Айару:       Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Айман Дахарқызына мың алғыс

   Інкар:       Жайдарлы жүз айқабақ

Жүреді бізді аймалап,

Тобымызға жиі келіп

Білгеніңді сұрайтын

Білмегенін үйретер

Майра Төлегенқызына, Тыныскүл Сапарғалиқызына

                    Айтамыз  біз мың алғыс.

    Аделя:    Баулап-баптап өсірдіңіз

Бұзықтық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Ұмытпаймыз өзіңізді

Рина Асқарқызы, Зауре Кабековна

Сыздерге де мың алғыс.

2-Жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге бүлдіршіндеріміздің орындауында «Оқуда озат боламыз!» қабыл алыңыздар.

Ән: Вокал «Оқуда озат боламыз!» құрамын береміз.

   Ердаулет:   Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбігер

Қамқоршы дәрігер

Апайларға мың алғыс

      Аружан:  Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйреткен Назира апайға

Айтамыз біз мың алғыс.

        Айда:  Тәтті тағам пісірген,

Айран, сүтін ішкізген

Аспазшы апайлар

Сіздерге де мың алғыс.

  М.Ахмедияр  Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам,

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған,

Көмекші апайларға да

Айтамыз біз мың алғыс.

Малика:     Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Апайларымызға мың алғым.

Барлығы бірге: Гүл сыйладық, Жыр сыйладық .

Құрметтейміз сіздерді

Әсем әуен ән сыйлаймыз

Ұмытпаңыздар біздерді

1-Жүргізуші:   Ал, балалар тұрмайық,

Қолдарымыздан ұстайық,

Тоймызға сән беретін

Қоштасу вальсін бастайық.

Би: «Вальс»

 Карлсон: Балалар, бүгінгі мереке сондай көңілді болды. Мен сендерді көргенде 1 жасқа өстім. Сендермен қоштасқым келмей отыр. Бірақ, мен бір нәрсені ұмытып бара жатыр екем. Ата-аналарыңның сендерге дайындаған сыйлығы бар екен. қазір сендерге көрсетіп, апайларыңа табыстайын. Топқа барғанда аласыңдар. Қазір мен ортаға бір ананы алып шығамын, ол кісі сендерге ақ жол тілеп, құттықтау тілегін жолдасын (Ата-анаға сөз беріледі).

2-Жүргізуші:    Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын

Дендеріңіз сау аман-есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын дей отыра! Осы балалардың ата-аналарына құтықтау сөз кезегін береміз.

1-Жүргізуші:       Бір ата, бір ананың тірегіміз

Бір болсын қайда жүрсе тілегіміз

Бірлік барда, тірлі бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып құттықтау сөзді балалақша меңгерушісі Жұматаева Айман Дахарқызына береміз.

Ән: «Қош бол, балабақша»

2-Жүргізуші: Балаларды ақ жол төсеп қошеметпен шығарып саламыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.