Home » Жаңалықтар » «Біз болашақтанбыз» атты көрме

«Біз болашақтанбыз» атты көрме

Жуырда Павлодар қаласындағы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен робототехникадан  «Біз болашақтанбыз» атты көрме өткізілді. Оған облысымыздың әр өңірінен, қала мектептерінен барлығы 52 робот ұсынылып тамашаланды.

Елімізде кенжелеп дамып келе жатса да болашағынан зор үміт күттіретін небір қызықты роботтар келушілерді де, ұйымдастырушыларды да бей-жай қалдырмады. Біздің ауданнан  барған 3 роботта осылардың қатарында болды. Атап айтсақ, Майқайың кентінің №2 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нияз Капановтың роботы «Arduino» арнайы сертификат алды, ұстазы Қ.Рахымжанова, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушысы Едіге Бердештің роботы «Қар тазалаушы» арнайы сертификатпен қоса Қазақстан-Павлодар телеарнасына сұхбат берді, ұстазы С. Абдыкаримова.  Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының тағы бір оқушысы Болат Кашкеевтің «Тал отырғызғыш» роботы арнайы «үздік бағдарламалаушы» дипломымен марапатталды, ұстазы А. Джакитов. Егеменді еліміздің ертеңіне елеулі өзгерістер әкелетін осы оқушылар болар деп сенеміз.

Г.К. Кошанова,
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.