Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ағылшын тілі
Мақсаты: Балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ағылшын тіліндегі дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру, ағылшын тілінде тақпақтар жаттату арқылы балалардың сөздік қорын молайту, өткен тақырыптардағы алған білімдерін бекіту, рольдік ойындарды ойната отырып балаларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, балалардың белсенділігін және жеке басына деген сенімділігін арттыру.
-Қараңдаршы, балалар бугін бізде ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіпті, құрметті қонақтар біздің «Біз ағылшын тілін үйренеміз-We learn English» атты сабағымызға қош келіпсіздер,
— Қане, балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық:
— Good morning, good morning,
— Good morning to you!
— Good morning, good morning,
— We are glad to see you!
— How are you children?
— We are fine, and you?
— I am fine, thank you.
— Қане, балалар қонақтарға өзімізді таныстырып өтейік:
— My name is Marat. My name is Aisultan. My name is Ainur. My name is Sofia. My name is Asem. My name is Nurtai. My name is Nurtas……
Балалар ағылшынша өз аттарын айтып шығады.
Балалар «Hello, hello» әнін орындайды:
Hello, hello
How are you?
Hello, hello
How are you?
I am fine, thank you
I am fine, thank you
I am fine, thank you
Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады, доппен «Сұрақ-жауап» ойынын ойнаймыз:
What is your name?-My name is Amina.
Сенің атың кім?-Менің атым Амина.
How are you?-I am Ok.
Халің қалай?-Жақсы.
How old are you?-I am six.
Жасың нешеде?- Алтыда.
What is the weather like today?-It is warm.
Бүгін ауа-райы қандай?-Күн жылы.
What season is it now?-It is Autumn.
Қазір жылдың қай мезгілі?-Күз мезгілі.
What month is it now?-It is October.
Қазір қай ай?- Қазан айы.
What day of the week is it today?-Today is Thursday.
Бүгін аптаның қай күні?-Бүгін бейсенбі.
Where do you live? — I live in Shymkent.
Сен қайда тұрасың?-Мен Шымкентте тұрамын.
-Жарайсыңдар балалар, қане маған жыл мезгілдерін кім айтады?
Балалар суретке қарап жыл мезгілдерін екі тілде айтады:
Қыс-Winter
Көктем-Spring
Жаз-Summer
Күз-Autumn
Екінші бала суретке қарап күз айларын атайды:
Қыркүйек-September
Қазан-October
Қараша-November
Үшінші бала апта күндерін атайды:
Дүйсенбі-Monday
Сейсенбі-Tuesday
Сәрсенбі-Wednesday
Бейсенбі-Thursday
Жұма-Friday
Сенбі-Saturday
Жексенбі-Sunday
Бөлмеде әр түрлі шарлар ілулі тұрады, келесі бала шарларға қарап түстерді екі тілде атайды:
Ақ-White, Қара-Black, Көк-Blue, Қоңыр- Brown, Күлгін-Violet, Сұр- Gray, Жасыл- Green, Сары-Yellow, Қызыл сары-Orange
— Жарайсыңдар, балалар күз туралы тақпағымызды айтып өтейік:
Нұрасыл:
Autumn comes
Gold and brown
The birds are flying
Above our town
Нұртай:
Spring is green
Summer is bright
Autumn is yellow
Winter is white
Ибрагим:
Autumn is the season
When fruit is sweet
It is the season
When schoolchildren meet
Айсұлтан:
Golden in the tree
Golden in the sky
Golden, golden, golden
October passing by
Мағжан:
Autumn comes to town
Yellow, orange leaves
Red, green and brown
Rainy time, windy time
Autumn comes to town
Айнұр:
The leaves are falling
Upon my head
They are yellow and brown
And orange, red
Сергіту сәті:
One-a box, Six-a frog,
Two-a fox, Seven-a ball,
Three-a donkey, Eight-a doll,
Four-a monkey, Nine-a cock ,
Five-dog, Ten-a clock
Балалар «Twinkle star» әнін орындайды.
Балалар қонақтарға жылы лебізімізді білдірейік:
Жанель:
Деніміз сау болсын!
Be healthy!
Фараби:
Бақытты болайық!
Be happy!
Айнур:
Мейірімді болайық!
Be kind!
Айсұлтан:
Ата-анамызды құрметтейік!
Love your parents!
Асем:
Сыпайы болайық! Be polite!
София:
Күндей жарқырайық!
Be like the sun!
Нұртай:
Жақсы дос болайық!
Be a good friend!
Нұрасыл:
Күлімдейік және бақытты болайық!
Smile and be happy!
Құрметті қонақтар осымен біздің сабағымыз аяқталды, көңілдеріңізге көп рахмет!
The lesson is over! Goodbye children!
Алимкулова Сауле Мухиддиновна,
Түркістан облысы, Шымкент қаласы
Мемлекеттік арнаулы (коррекциялық)
№33 «Ақбота» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі