Home » Баяндамалар » Біздің балабақшамыз – ертеңгі болашақтың бүгінгі бастауы

Біздің балабақшамыз – ертеңгі болашақтың бүгінгі бастауы

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Осыған орай елімізде соңғы кездері көптеген мектепке дейінгі ұйымдар ашылуда.

Соның бірі Шолаққорған ауылындағы «Балауса» балабақшасы да Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жобасы «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған соңғы үлгідегі типтік балабақша. Мұнда 6 топта 140 бала (тәрбиеленуші) тәрбиеленуде. Олармен жоғары білімді мамандар жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта тәрбиешілеріміз заман талабына сай қайта мамандандырылып, білім жетілдіру курстарынан толығымен өтті.

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің даму концепциясын (жоба) іске асыру мақсатында жұмыс атқарып жатқан инклюзивті топтар бар.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған, нәтижелі жетістікке жету мақсатында педагогтар жан-жақты ізденіп жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде, оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Атап айтсақ балабақшамызда баланың бойында ұлттық сананы қалыптастыру, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін білетін ұрпақ тәрбиелеу жолындағы «Даналық әліппесі» мен «Әуенді кесте», қол моторикасын дамытуда «құм терапиясы», баланың шығармашылығы мен қоршаған ортаны тануға қызығушылығын дамытуда квиллинг және вольдорфтың әдіс, ТРИЗ технологиясы мен Монтессори технологиясы элементтері, Ригалақ әдіс, А.А. Уманскидің нүктелі үгуі шынықтыру шарасын жүргізу арқылы сауықтыру шарасы жүргізілуде. Сондай-ақ, ата-аналармен жұмысты жандандыру мақсатында да жаңа дәстүрлі емес   формадағы іс-шаралар: тренингтер мен рингтер ұйымдастырылып, «Әжелер кеңесі» мен «Жас аналар» мектебі жұмыс жасауда. Аталмыш технологияларды аудандық балабақшалар мен шағын орталықтар арасында іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізіп, тәжірибе барысында көрсетілді.

Балабақшамыздағы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жол-көлік жарақаттарының алдын алу мен «Азаматтық қорғаныс» бойынша өткізілетін шаралар жылдық жоспарда қаралған. Осының дәлелі ретінде балабақшамызда Облыстық Төтенше Жағдайлар Басқармасының бастамасымен кешенді оқу жаттығу практикасы өтті.

Жалпы ауданымызда өтіп жатқан мәдени іс-шараларға да балабақша ұжымы атсалысып отырады. Биылғы жылғы іс-шаралардың барлығы Қазақстан Республикасы балабақшаларына 100 жыл толуы аясында өтуде. Осынау атқарған жұмыстар нәтижесінде бес жыл ішінде балабақшамыз төмендегі жетістіктерге жетті:

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.