Home » Эссе » Біздің балабақша

Біздің балабақша

«Бала тәрбиесі – бесіктен»

(халық даналығы)

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»

(М.Әуезов)

«Гүлдәуренде» бал тілімді ширатқам, «Гүлдәуренде» өнергеде құмартқам, Гүлдей жайна балабақшам, бесігім «Гүлдәурен» деп жүрегіммен үн қатқам

Біздің балабақша – бұл сүйкімді, аяулы, ақылды, көңілді, көрікті, батыл да батыр, өнер мен білімге құштар білдіршіндердің алтын ұясы.

Біздің балабақшадағы әр бала үшін жасаған іс-әрекетіміз осы бүлдіршіндердің дамуы  мен жетілуіне бағытталады. Балабақшаның басты міндеті-бала тәрбиелеу, яғни балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Бұл мақсатты тікелей іске асыратын педагог-тәрбиеші.

Тәрбиеші – өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист…

Сондықтан, оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек  көрсетуге және бұл инсирументтің ерекшеліктері мен даусына үн қосу-негізі міндеттердің бірі. Әр тәрбиешінің білімі мен біліктілігін көтеріп, еңбегін бағалап, қәдірлеп, мадақтап отыру ұйым басшысының мәндеті.

Меңгеруші қызметінде жұмыс жасағаннан кейін меңгеруші кім?- деген сұрақ туындайды. Оған мен И.Канттың мына сөзімен жауап берер едім: “Адамның екі ең маңызды өнер табысы бар. Тәрбиелеу өнері және басқару өнері.” Менің ойымша меңгерушінің бойында осы екі өнердің екеуіде болуға тиіс.

«…Баланы жан-тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау-ескексіз қайықпен су  бетінде әрлі-берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу»

Сол балаға деген сүйіспеншілік мені осы мамандыққа әкелді.

…Бала дүниеге іңгәлап келгеннен кейін, өз отбасымен, өз елімен қауышып, бесіктен түлейді.

Бір жасқа толып, аяғын апыл-тапыл басқаннан кейін өзінің жеке –дара бесігінен, «Балабақша» деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша –баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын  ең алғашқы қоғамдық ошағы.Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты.

Ұстаз- киелі мамандық.Ол ертеңгі болашақты, болашақ иесін- ұлтын тәрбиелейді.Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами құндылықтарды бойына дарыту- ол оңай шаруа емес.

Тәрбиеші – суретші, әртіс,әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды.Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерге де үлкен жүк артып отыр. Ел басымыз «100 мектеп», «100 аурухана» салу керек деген мемлекеттік бағдарламасының өзі жоғарыдағы біздің ойымыздың түп төркіні болса керек.

… Енді жалпыдан жалқыға көшейік….

«Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» дегендей ұямнан алған тәрбиемнен бе, әлде табиғатым сол тірлікті керек етті ме, жасымнан ұстаз-тәрбиеші болуға аңсарым ауды.

Мектептен білім негіздерінен сусындап, әрі қарай пединститутқа, университетке түсіп, мұғалім, тәрбиеші мамандығын игердім.

«Тәрбиеші адам- тағалы атпен тең» деп халық даналығында көрсеткендей тағамның беріктігінен «Әсем» балабақшасында 10 жыл тәрбиеші, «Аққайын» балабақшасында 10 жыл әдіскер қызметін атқарып, ұлт болашағын тәрбиелеу жолында  талмай тер төктім.

Бала тәрбиелеуде өз пікірім, өзіндік көзқарасым қалыптасты.Бала тәрбиесінің үрдесінен шығу және көзқарастарымды толығымен жүзеге асыру үшін тек тәрбиеші немесе әдіскер болып қалу аздық ететіндей көрінді.«Армансыз адам-қанатсыз құс» дегендей арманымды, балабақшада жинаған еңбек жолымдағы теориялық-практикалық қырларынды көрсету мақсатында «Салтанат» балабақшасына   меңгеруші болып барғанмын, өкінішке орай, көп кешікпей пайдалануға жарамсыз болып жабылып, содан соң «Айгөлек» балабақшасына басшылық қызметінде екі   жылдай жұмыс атқардым. 2015 жылдың  желтоқсан айынан «Гүлдәурен» ясли бақшасында меңгерушілік лауазымында қызметімді жалғастырып келемін.

«Гүлдәурен» балабақшасы – ширек ғасырдан астам уақыттан бері қарай халыққа қызмет етіп келе жатқан байырғы шаңырақ.Ғимарат ескі үлгідегі, қазіргі сұранысты мүлде көтермейді.

«Гүлдәурен» балабақшасының педагогикалық кадрлары «па» дегендей болмағанмен, онда білікті мамандар аз емес.Бұл балабақшаның ерекшелігі тапжылмай осы балабақшада қырық жылдан астам тәжірибелі тәрбиешілер қызмет етіп бүлдіршіннің мейірімі мен ата-ана алғысына бөленген.  Балабақшада маман кадрлар толық-әдіскер, психолог, дене шынықтыру, орыс тілі, қазақ тілі, музыка жетекшісі  мамандары,логопед-дефектолог және көптеген  тәжірибелі педагогтар мен тәрбиешілер оқу-тәрбие процесінде өз жұмыстарын жан- жақты корсетуде. Сондықтан, ұжым мүмкіндігінше  облыстық, аудандық, балабақша ішілік  әр түрлі оқу – тәрбиелік олимпиада, шара-сайыстарда өздерін көрсетіп бағуда.Білім жүйесін жаңашаландыру, жаңа бағытқа бет бұру негізінде «Мәңгілік ел» идеясын балабақшаның оқу-тәрбиесіне енгізу қазақ халқының 30-дамыған ел қатарына енуі, жер шарында қазақ елі мәңгі ел болып қалуымыз үшін жас ұрпаққа ана тіліне, туған жеріне, салт-дәстүрге, әдеп-ғұрыпқа деген сүйіспеншілігін , құрметін оятып тәрбиелу.Сол сияқты елімізде мүмкінділігі шектеулі жандар,соның ішінде балалар жылдан — жылға көбейіп отыр.Елбасымыздың бала тәрбиесінде білім беру ошақтарында инклюзивті білім беру жүйесін оң жолға қоюы біз үшін  осы бағытта үлкен мақсат пен міндетті  жүзеге асыру жүктелуде.Балабақшамыздың негізгі жұмысының бір бөлімі – «Түзеу және инклюзивті кабинеттің» ашылып ерекше балалармен жұмыс жасауымыз болып табылады.

Әрине «Әттеген-ай» жақтарыда бар.Оның үлкен себебі: жоғарыда атап өткендей балабақша ғимаратының ескілігі бүгінгідей заманауи талаптарға жауап бере алмайтыны.Соның салқыны оқу-тәрбие процесінің көлеңкеленуіне әкеліп, көңілге кірбің ұялатады.

«Болашақ бүгіннен басталады.» Болашақта біздің балабақша үкіметтің қолдауымен күрделі жөндеуден өтпекші.  Тағы да балабақшаны болашақта үлкен сын күтіп тұр.Ол аттестация, балабақша ұжымының жан-жақты тексеру бақылаудан өтуі.

«Мың қосшыдан, бір басшы» дегендей басшылық қызметті мойныма алған соң, ертең балабақшамның сыннан абыроймен, мүдірмей өтуі мен үшін үлкен жауапкершілік.  Болашақта

«Гүлдәурен» балабақшасы әр түрлі сындардан сүріндей өткеннен кейін…Қандай? Қандай болмақшы.

…Қиял теңізінде жүзіп келе жатырмын…

…Алдымда шамдары самалай жарқыраған, ақ шаңқан, әдемі ғимарат.Аулада жүздері бал-бұл жанып, бақытты балалық шақтарынан   алаңсыз сайраңдаған бүлдіршіндер.

Дәл ауланың  ортасында маржандарын көкке шапшытқан бұрқақ. Бақшаның ішіне ендім…Алдымда жарқын жүзді адамдар, маған ізет көрсетуде.Бір сәт кеудемді қуаныш кернегендей.

Балабақша бөлмелері қандай әсем десеңізші!

Заманауи тәрбие, білім беретін «Компьютер», «Логопед», «Психолог», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Үйірме», «Мейірбике», «Әдіскер», «Меңгеруші», «Балапан»,  «Балдырған», «Құлыншақ» айдарлы топ бөлмелері, көздің жауын алардай, жоғары талғаммен безендірілген.

«Меңгеруші» бөлмесіне еніп, терезеден сыртқа назар аудардым..

Манағы өзім көрген бүлдіршіндерім мәре-сәре болып, хауызға шомылуда, күлкілері күмістей сыңғырлайды, бір-біріне су шашып ойнап, күміс жаңбырды  армансыз сыйлауда.

Ия  , құрметті әріптестерім!

Бұл – менің ертеңгі арманым!

Бұл менің ертеңгі балабақшам!

Бұл біздің «Гүлдәурен»балабақшасы!

Армандар болса армандар ол да бір күн орындалар!

Болашағымыз – балалар,

Береріңмен балаға келешегің бағаланар.

Құрманбекова Лаззат Сергейқызы, 

КМҚК «Гүлдәурен» ясли бақшасының меңгерушісі,

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Құлсары қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.