Home » Жаңалықтар » БУРАБАЙДА «ШИПАЖАЙ-2019» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

БУРАБАЙДА «ШИПАЖАЙ-2019» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының санаторлық-курорттық кешенін дамыту мақсатында Бурабайда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық курорттық қауымдастығының қолдауымен «Шипажай-2019» төртінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көптеген жылдар бойы форумның орны дәстүрлі түрде Қазақстанның санаторлық-курорттық кешенін дамыту үшін маңызды оқиға болды. Форум қатысушылары жыл сайын санаторлық-курорттық саланың жалпы мәселелерін және олардың шешімдерін талқылайды, ұлттық және шетел курорттарының, санаторийлерінің табысты тәжірибесін практикалық денсаулық сақтауға ғылыми интеграциялау арқылы қабылдайды.

Форумның мақсаты – қоғамдық денсаулықты нығайту және қалпына келтіру мәселелерін талқылау үшін тұрақты әмбебап пікірталас алаңын құру.

Жалпы, жоспар бойынша екі конференция өтті. Алғашқысы – «Санаторлық-курорттық кәсіпорында медициналық оңалтудың әлеуеті. Мәселелер мен шешімдер», екіншісі – «Курорттық бизнестегі экономика және менеджмент».

Қазақстаннан, жақын және алыс шетелден 300-ден астам делегаттың қатысуымен өткен форумның ғылыми бағдарламасы санаторлық-курортты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін пленарлық және секциялық мәжілістерден тұрды.

Сондай-ақ, оңалту және курортологияның басым бағыттары; өмір сапасын жақсарту жолымен денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған санаторлық-курорттық индустрия саласындағы жаңа әзірлемелер мен инновациялық жобалардың жетістіктері; санаторлық-курорттық қызметтер спектрін және санаторлық-курорттық бизнесті дамыту жолдарын, тағы да басқа  өзекті тақырыптар қарастырылды.

Кешенді көрме Форумның ажырамас бөлігі болды. Мұнда қазіргі заманғы бальнеологиялық жабдықтар, сауықтыру технологиялары, классикалық физиотерапевтикалық жабдықтар, балшық терапиясына арналған жабдық, гидротерапия, кинетотерапия, сауықтыру және SPA, қазіргі оңалту және реабилитация орталықтары, заманауи дәрілік заттар, денсаулық сақтау, минералды су және т.б. қатысушылар назарына ұсынылды.

Аталған шараға медициналық оңалту және курорттық бизнес саласында тәжірибе алмасу мақсатында Щвецияның, Венгрияның, Ресей Федерациясының жетекші салалық сарапшылары келіп қатысты.

Форум соңында саланы мемлекеттік, атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен шоғырландыру бойынша одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.