Home » Білім және өнер » Әнші балапан

Әнші балапан

«Астана – арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да…»!

Тұманбай Молдағалиевтің  арман қала Астанамызға арналған бұл – өлеңі, балғын шақ кезден бері жадымызда сақталғаны жас қаламызды нұрландыра түседі. Осыған орай бүгін, 2018 жылдың 25 сәуір айы Астана қаласы №34 «Ақ бидай» балабақшасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Әнші балапан» атауымен байқау өтті. Басты мақсат – мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, өз-өзіне деген сенімдерін қалыптастыруға, патриоттық сезімдерін оятуға және балабақшаның дарындыларын анықтауға бағытталған. Байқау жас ерекшеліктеріне байланысты үш пен бес және бес пен жеті жас аралығында екі топқа бөлінді. Осыған сәйкес қойылған шарттар мен ережелер ескеріліп, қатысушы бүлдіршіндерге баға берер әділқазы алқалары сайланды. Атап өтсек, №34 «Ақ бидай» балабақша әдіскері Смағұлова Күмісжан Нығметжанқызы, жекеменшік «Айдын» балабақша меңгерушісі Жукенова Гүлнұр Бақтыгелдіқызы және «Білім айнасы» журналисі мен, Мұстафина Жансая Әлібекқызы. Бойындағы таланттарын сайысқа түсу арқылы жетілдіруге мүмкіндік алатын «Әнші балапан» байқауының қатысушылары өз деңгейлеріне қарай балдық бағамен бағаланды.

№34 «Ақ бидай» балабақша меңгерушісі Рысбаева Назкен Рыстыбайқызы: «бүгін Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған «Әнші балапан» атты байқауымыз өте жақсы деңгейде өтті. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өнерлерін, көңіл-күйлерін тамашалап үздіктеріне қарай бәрін марапаттай алдық. Біздің мақсат – бүлдіршіндерімізді балабақшадан өз Отанын сүюге, үлкен-кішіні сыйлауға және баланың тәрбиесіне әсер ететін осы – өнер арқылы баланы жан-жақты дамыту, қалыптастыру. Осы байқауға атсалысқан өз әріптестеріме, әдіскеріме және ата-аналарға алғысымды айтамын».

 Сынға түсіп, бағын сынаған қатысушыларды атап өтсек:

  1. Ансамбль «Шұғыла» — «Балапан»
  2. Ансамбль «Ақ бота» — «Туған жер»
  3. Ансамбль «Шұғыла» — «Топ-топ, балақан»
  4. Ансамбль «Ақ бота» — «Көктемде»
  5. Трио «Жұлдыз» — «Дружба»
  6. Мырзағали Аяла – «Гүл Астана»
  7. Ансамбль «Қызғалдақ» — «Тәуелсіздік ел ұланы»
  8. Тоғанбай Адема – «Гүл Астана»
  9. Ахметқали Айзере – «Астана»
  10. Мұрат Әбдукәрім – «Көктемде»
  11. Букова Валерия – «Город детства»
  12. Әбділдинов Альтаир – «Ты не бойся мама»
  13. Дуэт «Қарлығаш» — «біздің қала»
  14. Ансамбль «Айгөлек» — «Достық»

«Баласы бәйге шапса, анасы тақымын қысады» — демекші, балаларының «жеңімпаз» атануын тілеген ата-аналар мен қатысушыларды байқауға дайындаған педагог мамандар демеуі балаларға серпін берді. Қорытынды бөлім қатысушыларды I,II, III дәрежелі Алғыс хат, бәйгеге түсіп бақ сынағаны үшін диплом және арнайы тәтті сыйлықтармен марапаттады.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған бас жүлдені алты жастар Әбділдинов Альтаир – «Ты не бойся мама» әнімен жеңіп алды.

Байқаудың қорытынды тізімі:

3-5 жас аралығында «Ансамбль» номинациясы бойынша

1 орын –  «Ақбота» дуэт

2 орын – «Шұғыла» ансамбль

2 орын – «Жұлдыз» трио

3 орын – «Балдаурен» ансамбль

Дипломмен «Айгөйлек» ансамбль

 

Жеке орындаушы номинациясы бойынша

Мырзағали Аяла – 1 орын

Дипломмен Ахметқали Айзере

 

5-7 жас аралығы «Ансамбль» номинациясы бойынша

1 орын – «Қызғалдақ» ансамбль

2 орын – «Қарлағаш» дуэт

 

Жеке орындаушы номинациясы бойынша

Гран при – Абильдиноа Альтаир

1 орын – Тоғанбай Адема

2 орын – Мұрат Әбдукәрім

3 орын – Букова Валерия
Байқаудың соңы ата-аналардың қуанышты жылы лебіздерін білдіруі мен арнайы қонақ болған жекеменшік «Айдын» балабақша меңгерушісі Жукенова Гүлнұр Бақтыгелдіқызының ақ тілегімен аяқталды.

Мұстафина Жансая Алибекқызы,
«Білім айнасы»,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.