Алматы қаласы, Жетісу аудандық № 61 балабақшада «Болашақ әлем- ғажайып әлем» атты іс-шара өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде ересек орыс «Лучик» тобының қатысуымен қойылымдар көрсетілді. Іс-шараға сай киім үлгісімен шыққан балақайлардың дайындығы жоғары екені көрініп тұрды. Еліміздің әдебиетін, мәдениетін дәріптейтін іс-шара балаларды жасынан патриоттыққа тәрбиелеуге шақырады. Іс-шара барысында қазақтың ұлттық аспаптары мен ойындарына тоқталды. Балалардың тапқырлығының нәтижесі: әрбір аспап пен ойын түрлерін алма-кезек айтты. Осыған орай, топ тәрбиешісі Байжұманова Асель Медетхановна: «Адамның құндылығымен қатар рухани байлығын, ұлттық сананы оятып білімді ұрпақ өсіру – парызымыз» — дейді. Балабақшаның меңгерушісі Бестибаева Орын Смағұлова Отанға деген деген сүйіспеншілікті арттыру арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуді міндет деп біледі. Іс-шараға келген қонақтар орыс тобының өжеттілігіне баға беріп, жылы лебізін білдірді.
Бағашар Жадыра,
Білім айнасы,
Алматы