Г.Т.Жарылқасынова,
Саңырау және нашар еститін балаларға
арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету
мектеп-интернатының тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Мақсаты:
- Балаларға жаттығулардың түрлерін орындата отырып, өзара қимыл-қозғалыстарын үйлестіру. Қимыл қабілеттерін шыңдау. Жылдамдыққа, екпінділікке, дәлдікке, батылдылыққа үйрете отырып денсаулықтарын нығайту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, ой-өрістерін дамыту.
- Болашақ толағайларды береке-бірлікке тәрбиелеу, спортпен шұ,ылдануға қызығушылықтарын арттыру.
- Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып дұрыс сөйлеулерін қадағалау.
Сабақтың түрі: жарыс түрінде өтеді.
Көрнекіліктер: ойын құралдары (доп, арқан, орамал, лента, жалау, форма)
Сөздік: біз ойнаймыз, лентаны қағу, арқан тарту, жарыс, орамал.
Сабақтың барысы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, міне, бүгін «Болашақ толағайлар» атты «ботақан» тобының арасындағы спорттық сайысты тамашалап отырсыздар! Қисынсыздық, еңбексіз жеміс жоқ! Сондықтан да қатысушы командаларға тек сәттілік тілеп, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Алғашқы сайысымыз ол командалардың таныстыруы.
- «Алғыр» командасы өздерін таныстырады.
- «Ұшқыр» командасы өздерін таныстырады.
Олай болса, келесі сайысымызға көшейік. Жалау мен топтаса жаттығу жасау. Ендігі сайыскерлеріміздің бөлімі лентаны қағу деп аталады.
Таяққа лентаны орап тез-тез жылдамдықпен орайды. Әрі қарай жалғастырады.
Келесі ойынымыз: арқан тарту. Сайыскерлерді екі топқа бөліп, арқанды сайыскерлердің қолдарына ұстатып, сайыскерлер бір-бірлеріне кедергі болмау керек. Қай команда тез әрі жылдам болса жеңімпаз болады.
Келесі сайысымыз: Жарыс. Сөздіктерді құрастыру: наурыз, көктем, көже деген сөздерді құрастырып, екі сайыскер жарысады.
Келесі сайысымыз: гүлді жинау. Бұл сайыста сендердің бір-бірлеріңе қол ұштарының беретіндерді көрейік. Екі сайыскер көз байлайды. Гүлді тез жинайды. Кім тез жинаса, сол жеңімпаз болады.
Келесі сайысымыз: доппен ойнау. Сайыскерлерді екі топқа бөліп, «алғыр» мен «ұшқыр» командаларының ойындарын тамашалайсыздар. Ортада шелек тұрады. Доптарды шелекке салу керек. Тек жылдамдық болу керек. Тапсырманы шешулеріңіз керек.
Қорытынды: балалар сендерге сабақ ұнады ма? Ойынның аттарын бір қайталап кетейік. Қай ойын сендерге ерекше ұнады? Жақсыға әуестеніп, жаман әдеттерден аулақ болу үшін спортпен достасу керек. Спортпен айналысқан адам өзін салауатқа тәрбиелейді. Сайысымызды аяқтай келе тамашалағандарыңызға рахмет айтып, салауатты өмір, көтеріңкі көңіл тілейміз. Қош сау болыңыздар, болашақ толағайлар!