«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»
Н.Ә. Назарбаев
Егеменді еліміздің ертеңін баянды ету жолында ұрпаққа берілетін тәрбие елбасымыздан бастап ойландырып-толғандыратын өзекті мәселелердің бірі екені баршаға белгілі. Дүние есігін ашқан әрбір нәресте отбасында ата мен әженің, әке мен шешенің мейірімі мен махаббатына бөленіп өседі. Отбасында бала үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін орындарда жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып, ел болашағын тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қазіргі еліміздің білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне шығуы – білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізілуде.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ педагогтардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру қажет. Бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті педагог-тәрбиеші мамандары даярланады, өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.
Қазіргі заман талабына сай педагогтардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану қажет. Соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде технология ұғымы көп қолданылуда. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, модульдік технология және т.б. Біздің қарастыратынымыз да модель технологиясының бір түрі.
«Модель» термині латынның «modues» сөзінен шыққан. Ол «өлшем», «әдіс», «бейне» деген ұғымдарды көрсетеді. Педагогика ғылымында молельдеудің көптеген түрлері кездеседі. Кейінгі ұрпақты білікті, парасатты, мәдениетті етіп тәрбиелеуде педагогтардың үлесі зор. Мектеп жасына дейінгі кезең – адам қалыптасуының алғашқы баспалдығы. Сол себепті де мектепке дейінгі ұйымдарда білім нәрін беретін тәрбиешілерге аса назар аударылады.
Балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын талаптар:
- педагогикалық білімі, талдау және зерттеу дағдысы, бала дамуына психологиялық, педагогикалық қолдануын ұйымдастыра білу,
- балалардың жасына сай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен жүйке-психикалық іс-әрекеті туралы педагогикалық білімі болуы,
- әр баланы жан дүниесімен сүйе білуі, бар мейірім нұрын төге білуі.
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың ең жақын досы, сонымен бірге баламен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Өмірге келген әрбір бүлдіршіннен ел азаматтарын тәрбиелеп шығару үшін қай кезде де қажет, ешқашан керектігі мен қажеттігі жойылмайтын тұрақты мамандық деп білемін. Бақша жасындағы 3-5 жасар балалар – ойын балалары. Ойын балалардың қиялын, ерік жігерін, дүние танымын, ақыл ойын, мінез-құлқын, тілін дамытады. Ойынды педагог пен балалардың бірлескен оқу әрекеттерінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойындар мазмұнына қарай өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойынды ойнай отырып, тәрбиеші-педагогтар, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстар мен ағаштарды бейнелей алады. Техниканың төрт құбыласы тең дамыған қазіргі таңда, интернет желісі желдей есіп тұрған заманда небір бейнені бейнелеуге болады. Мәселен, саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттана шапалақтайды, шат-шадыман болады.
«Балапан» балабақшасында жаңа бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жалпы балабақшада берілетін тәрбиенің даму стратегиясы белгіленген бір жүйеде жүзеге асырылатыны баршаға белгілі. Бақшадағы оқу қызметтер негізінде бала тілін дамытып қарым-қатынасқа икемдейді, математика әлемі арқылы танымдары кеңейіп, жапсыру мүсіндеу арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді, өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, сауатты болып өсуі жолында да 5 білім беру саласы бойынша берілетін осы балабақша жұмысының берер жемісі көп. Балабақшадағы әр тәрбиеші өз мамандықтары бойынша жұмыстанып, білім беру мен тәрбие беру әдіс-тәсілдерінде жылт еткен жаңалықтың жаршысы болумен қатар, заманнан қалмай мамандардың тәжірибесінен пайдаланып жұмыс жасауда. Баланың санасы мен зейініне тікелей әсер етіп, баланың тез арада қызығушылығын арттыратын нәрсе техника екені белгілі. Біздің балабақшада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін арттыруда ұйымдастырылған оқу қызметтері және көтерген іс-шаралар өтілуде. Соның бірі балаға айналадағы дүниені танытып меңгерудің ең бір сара жолы, жеке тәжірибенің өрісін кеңейтудің бірден-бір әдісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған «Жұлдыз» ортаңғы тобында өткен «Комьютер әлемінде» тақырыбында ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі болып өтті. Ақпараттық технологияны пайдаланудың мақсаты: инновациялық технология арқылы ұйымдастырылған оқу қызметі мен түрлі ойындар, мерекелік шаралар, апталықтар, ертеңгіліктер ұйымдастыру. Ал міндеті: мектеп жасына дейінгі білім берудегі зерттеу әдістерін жаңашыл тәрбиеші ретінде дамыту.
Бағдарламалық материалмен шектелмей баланың ой өрісін дамытуға әр тәрбиешінің жаңашылдықпен жұмыстары негіз болады. Тәрбиелік әдістерін пайдалану арқылы ақыл, ой, зейін, сана эстетикалық тәрбие мен танымын қалыптастыруда балабақшамызда аудио-видео құралдары мен телеэкран көрсетілімдер арқылы іске асырылады. Ашық оқу қызметінде балалар ноутбуктан пайдаланып, жеке-жеке жұмыс жасады. Яғни тәрбиешілердің көмегімен экранда салынған түрлі заттардың сүреттерін, түрлі өлшемдегі пішіндерді түрлі-түсті бояулармен бояды. Мұнда бала көру, салыстыру арқылы есте сақтайды.
Оқу қызметі барысында Су-Джок терапиясын қолдану арқылы сергіту сәті өтілді. Мұнда балалар Су-Джок терапиясына арналған доптан пайдаланып алақан мен табанына массаж жасады. Бұл терапия балалардың физикалық дамуы мен денсаулығын сауықтыруда маңызы зор. Терапияны қолданудан мақсат – балалардың бұлшық еттерін, қол, аяқ моторикаларын дамытады. Бұл терапияны 1986 жылы Сеул профессоры Пак Чжи Ву адамның денесінің қол басы мен аяқ табанының бір-бірімен тура сәйкес келетінін тапты. Бұл терапияны Су-Джок терапиясы немесе нүктелі массаж деп атады.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесіне, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі.
Бүгінгі педагог-тәрбиешілердің басты міндеті – әлемдік өркениеттікке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танытып, тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағын тәрбиелі, білімді, білікті, саналы азамат етіп тәрбиелеп шығару.
Хайруллаева Халида Таировна
«Балапан» бөбекжай-балабақшасының
І-санатты тәрбиешісі
ОҚО, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы