Біздің жастар, жаңа білімді игеріп, жаңа дағдыға ие болып,
күнделікті өмірде білім мен технологияны тиімді қолдануды үйрену керек.
Наша молодежь должна учиться, овладевать новыми знаниями, обретать новейшие навыки, умело и эффективно использовать знания и технологии в повседневной жизни. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Әр оқушыға – жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән сапасын еркін, өзіндік іс-әрекетке бейімділік қабілетін ескере отырып, оларды еңбексүйгіштікке баулып, үнемшілдік саясатқа үйретесіздер» деген. Президенттің Жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі – бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деуі ең алдымен, адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғымымен егіз.
Болашақ мамандарды дайындауда оқу үрдісін өндіріспен байланыстыру ең басты мәселе. Себебі, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарындағы байланыссыз білікті маман даярлау мүмкін емес. Оқытуды өндіріспен байланыстыруда мынадай жағдайларды қарастыру қажет:
-еңбек нарығында дайындалатын мамандарға деген сұранысты ескеру;
— оқу орынның материалдық-техникалық базасын және оқу-әдістемелік кешенің қазіргі заманауй талаптарға сәйкес нығайту;
— серіктес ұйымдармен, потенциалды жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату.
Болашақ маманды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында жаңа өндірістік технологияларды оқу үрдісінде жүйелі пайдалану керек. Осы орайда, өндірістік практиканың алатын орны ерекше. Білім алушылар өздерінің бейімділігін, шеберлігін, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырғанда ғана маманға сай шеберлікке, іскерлікке жете алады.
Өндірістік оқытудың мақсаты:
— өндіріс жағдайында жұмысшы мамандығы саласындағы іскерлікті мен қабілеттілікті дамыту және жұмысшыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға барынша тарту.
— тікелей өндіріс орындарында жұмысшыларды өндірісті ұйымдастыру тәсілдерімен, технологялық процестерімен, экономикамен басқару жолдарымен таныстыру.
— білім алушыларды өндіріс саласында туындайтын түрлі жағдайларды шеше білуге дайындау және олардың өздерінің мамандығының терең игере білулеріне қолайлы жағдайлар туғызу.
— арнайы пән кезінде алған білімдерін одан әрі тереңдету.
Практика соңында білім алушы бойында қалыптасатын дағдылар:
0906012 «Қазандық жабдықтары жөніндегі аралаушы машинист»:
- Арматура кластарын, арматура құрылымын орналастуы, жабдықтың сипаттамасы бойынша негізгі ағындардың параметрлерін анықтауды.
- Қазандық қондырғылардың газ-ауалы жолы, күл қожды жоюды. Отын беру және қатты отынның шаңын дайындау. Пайдалану кезінде пайда болған қосымша жабдықтың ақауларын анықтау. Жабдықты іске қосуға және жөндеуге дайындық жұмыстарды өткізеді.
- Отынның жіктелуі және оның техникалық сипаттамалары. Отынды пайдалану тиімділігі. Оттық құрылғылар. Қыздырудың бу түзетін беттері. Бу қыздырғыштар. Бу қазандықтарының каркасы, қаптамасы және гарнитурасы. Отын беру және қатты отынның шаңын дайындау. Газ-мазутты электр станцияларының отын шаруашылығы.
- Температураны, қысымды, қысым мен разрядталуды, сұйықтықтар мен шашылғыш денелердің деңгейін, газдың, судың, будың құрамын өлшеу.
Қазандық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету:
Қазан турбиналық цехқа қызмет көрсетуді ұйымдастыру және технологиялық көрсеткіштері. Қазандық қондырғылардың қосымша жабдығына қызмет көрсету. Қазандық қондырғылардың жабдығын сынау және баптау. Тартып үрлейтін машиналарды жөндеу. Регенеративті ауа қыздырғыштарды жөндеу. Қоректік шаңның диірменін жөндеу. Сорғыларды жөндеу. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және т.с.с
Практиканың мақсаты: болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай білім, тәрбие беретін шығармашыл, білікті маман дайындау. Болашақ мамандардың кәсіби шеберліктерін шындайтын технологиялар меңгеру.
Кәсіпорын байланысты нығайту үшін біздің колледжде түрлі мамандықтар бойынша ірі өндіріс орындарынан келген жоғарғы санаттағы мамандармен кездесулер жыл сайын өткізілуде.
Мамандар өндірістік кәсіпорындар бойынша ақпараттар беріп, оларға қойылатын талаптармен таныстырып, сол саладағы мәселелер мен міндеттер жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Серіктес ұйымдармен жұмыс жүргізу барысында Қызылорда қаласындағы өндіріс орындармен тығыз байланыс орнату шараларын жүзеге асырудамыз. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мақсатында түрлі кәсіпорындармен келісім-шарт жасалынады. Атап айтсақ, «ҚызылордаЖылуэлектроорталығы», «Нұр-Строй Сервис LTD» және т.б. кәсіпорындар. Осы аталған кәсіпорындарда біздің колледж білім алушылары өндірістік практикасын, талапқа сай, білімдерін одан әрі тереңінен шыңдау үстінде. Біліктілігі: 0906012 -Қазандық жабдықтарын аралаушы машинист, 0906000 — Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары, мамандығы бойынша «ҚызылордаЖылуэлектроорталығы», «Нұр-Строй Сервис LTD» кәсіпорында өндірістік практиканы өткізді. Оқу жылының бірінші жартыжылдығында өткен практикада аталған кәсіпорын бірнеше оқушылардың атқарған жұмыстарына көңілдері толып, «Нұр-Строй Сервис LTD» шағын жылыту қазандығының операторы Сманов Сәулебек Ақылбекұлы, «ҚызылордаЖылуэлектроорталығының», бу қазандығының басшысы Жақсылықов Иса Батырбаевич жақсы пікірлерін берді.
Болашақ мамандар даярлауда оқу бағдарламасына сәйкес техникалық нұсқау карталары, плакаттар, арнайы стендттер, тапсырмалардың слайд түріндегі жинақтары, тест сұрақтары, карточкалар, құрал жабдықтар, бейне жазбалар жасалынды. Өндірістік сабақты оқушыларға қызықты әрі тиімді етіп өткізу үшін жаңа технологиялық дамуына байланысты интерактивті тақтаның көмегімен жүзеге асырып отырмыз. Осы техниканың көмегінің нәтижесінде оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығы артып, қабілеттері жетіле түседі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек»-деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» — деп атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр өндірістік оқыту шебердің міндеті.
Ильяс Сая Қуандыққызы
М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық
колледжінің өндірістік оқыту шебері