Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Біздің шығармашылық бөлім көп жылдан бері балабақша және мектепте музыкалық тәрбие беруде кәсіби мамандар даярлап келеді, негізгі мамандық аспабынан басқа қосымша домбыра, қобыз, баян, фортепиано аспаптарынанда тәрбиеленүшілер өздерінің білімдерін жетілдіреді.
Ал осы тұрғыда біздің студенттерді жоғарыда айтылғандай ұстаз дайындап шығуда колледж қабырғасында алған білімдерін шығармашылық ізденіс жағдай туғызып, дәстүрлі емес ойлап білу жағдайларда студент өз мамандығын жақсы көріп қадірлей түсері анық. Балабақшада музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәнінен сабақ бере жүріп, студенттерді кәсіби даярлауда балабақшадағы машықгерлік байқау сабақтарына жетекшілік етіп жүріп, осы кезде айтарым көптеген шәкірттер алғашында қаншалықты аспапта жақсы меңгерседе өздері сөйлеу мәдениетінің мәнерлерінің төмендігінен сабақ жүргізуде көпке деуір қобалжу әрекеттері сабаққа кедергілер келтірілгенін түсніп, тек аспапта ғана орындау шеберлігін дамытып қана қоймай тілді дамытуда педагогикалық үрдісте сөйлеу арқылы дамытудың қажеттілігін сезінді.Сыни тұрғысынан ойлау бойынша Қосжазба күнделігі тәсілінде студенттер шығарманың әдеби мәтініне өзінің пікірін жазады, ендеше оның сөздік қоры молаяды осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеу,өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады. Дегенмен тілді дамыта отыруға талап қоя отырып олардың негізгі аспап, қосымша аспаптардан және хор, дирижерлеу т.б пәндерден алған білімдерін үнемі ұштастыруы, олардың кәсіби деңгейін дамыту-олардың шығармашылығын дамыту жолдары.Осы жоғарыда аталған аспаптардан алған білімдерін методика сабағында толық пайдаланып көрсетуді қажет етеді, және әдістемелік тәсілдерді меңгеруде велосипедтік айналым жаттығуын студенттер пайдаланып жақсы нәтижелер бергеніне олар өздеріде қуанышты болды. Шығармашылық ізденіс әлбетте ұстазбен студенттің сабақтағы байланыстары өз ара түсінүшілік қарым- қатынас пен тәртіпке негізделеді, оқушының бойынан бұлақ көзін ашқандай өз мамандығына қызығушылығын оята отырып аспапта жақсы меңгеруде дайындығын үнемі арттыра отырып оны түрлі бағдарламалар мен сайыстарға дайындап көтермелеп өзіне сенім бере отыру, болашақ маманға үлкен жауапкершілікті жүктейтіні белгілі.
Елбасы «Жаңа формация муғалімі» мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады деп атап көрсеткен:
— басқарудың орнына ынталандыру;
-мәжбірлеудің орнына кеңес беру;
— ауыстырудың орнына сенім білдіру;
— үгіттеудің орнына түсіндіру;
— кінәлаудың орнына қорғау; бұйрық берудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу; осы сөздер шын мәнінде адамның көңілінен жағымды орын алады екен.
Яғни қазіргі таңда білімдегі жаңалықтар бір орында тұрған жоқ, барлық ізденістер мен оқыту технологиясы қалайда тиімді білім беру екенін белгілі. «Тиімді сабақ» курсынан өткен сон өзіме біраз жаңа ойлар, жаңа шығармашылық көзқарастар келе бастады десе болады. Дегенмен сабақ өткізу үрдісінде әдістемелік тәсілдердің жаттығуларын өз сабағымда пайдалануға асықтым. Балабақшадағы музыкалық тәрбие әдістемесі пәні сабағында 3 муз тобына жаттығуларды пайдаланып көрдім, әрине студенттер сол сабақ үстінде өздерінің бұрыннан білетін және білмейтін білімдерін пайдаланып қызығушылықпен ат салысып, ең негізгісі шығармашылық ойларын ортаға еркін сала айта білді. Білімді түсіну қолдану талдау жинақтау бағалау, өздері сараптай білу, әрине күтілетін нәтижелер мен кері байланыстар дұрыс бағалай алудада балалардың шығармашылықпен сабаққа қарағаны қуантты.
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдармалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді. Ақпараттық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.
Білім беру сапасының критерийлері:
1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі
2. мұғалімнің білімділіг
3. мұғалімнің тәжірбиесі
4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі сияқты талаптарға жауап беру үшін біз ұстаздар өз білімімізді үйретуге,үйренуге арқашан дайынбыз, өйткені ол біздің өзіміздің де шығармашылығымыз.
М.Исабаева
Гуманитарлық колледж оқытушы
Астана қаласы