Home » Мақалалар » Болашақ кілті — жастар қолында

Болашақ кілті — жастар қолында

Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Демек, елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу — жастардың басты міндеті.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар —  болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының  профессор-оқытушылар құрамы да дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Мұнда өте білікті оқытушы және ғылыми құрам шоғырланған. ҚазБСҚА тарапынан оқыту және инновация мен оны іс жүзінде меңгеру салаларында ең алдыңғы қатарлы жетістіктер мен тәжірибелерді үйрену жолында үнемі ізденіс үстінде. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. ҚазБСҚА ТМД елдері мен алыс шет елдердің ғылыми орталықтарымен тығыз шығармашылық байланыста. Оқытушылар дәрістерінде инновациялық технологиялар мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, жоғарғы деңгейде оқыту әдістерін пайдаланады. Сонымен қатар, ұлттық және ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс жасап, студенттер  тәжірибе алмасады. Кітапхана қоры әлемдік стандарттарға сай ғылыми және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. ҚазБСҚА түлектері шынымен ұлттық компаниялар мен мемлкеттік қызмет саласында үлкен сұранысқа ие.

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.  Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.

 

Аширбекова Р.Н., Абдильдаева М.Қ.   
ҚазБСҚА жанындағы колледж оқытушылары

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.