Home » Бастауыш » Болашақ — білімді жастардың қолында

Болашақ — білімді жастардың қолында

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен- ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Н.Ә.Назарбаев экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды.

Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, өз елі мен жерінің, туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы — әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол, сөзсіз, «ұрпақ қамы» деген ұғыммен үндеседі.

Ел сенімін, үмітін ақтау, еліміздің жарқын болашағына үлес қосу әрбір саналы да білімді жастарымыздың қолында. Биылғы «Жастар жылы» атты Қазақстан халқына Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!

Ендеше осы міндетімізді жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беруде бастауыш сыныптан бастау керек.
«Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, болашақ білімді жастардың қолында!».

 

Алимова Айгүл Тілеубергеновна,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№102 ЖББ ММ
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.