Акция
20 қазан күні Павлодар қаласы №7 Жалпы орта білім беру бейімдік бейімдеуге мамандырылған мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Павлодар облысының өңірдегі экологиялық мəселелердің алдын алуға арналған «Экологиялық жыл» жобасы аясында «Болашақ бағы» атты акциясы өтті.
Науқанға 1сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, ата-аналар қатысты. Акцияның негізгі мақсаты: 1сынып оқушыларын осы бастан табиғатты сүюге, оны аялауға, қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
«Мың шыбық шаншып өсірсең – халқыңа орман салғаның, халқыңа орман салғаның – өзіңе қорған салғаның» дегендей, әр оқушы мен ата-анасы мектеп ауласына өз отбасылары атынан терек көшеттерін отырғызды. Таңғы таза ауада бастау алған қызу еңбек көтеріңкі көңіл-күймен жалғаса түсті. Бұл – бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен, ұстаздарымен бірлесе өткізген ең қуанышты, ең мағыналы күні болды. Және барлық науқанға қатысушылар үшін айналаны көз қуантар көрікті көрінісімен қуантып, жағымды әсерге бөлеген, молшылықтың, байлық пен берекенің бастауы болған алтын күздің айырықша күні болып есте қалды. Жас өскіндер білім мекемесінің атшаптырым ауласын толықтырып, көркейте түсті.
Ата-аналар болса, аталмыш білім ұясының табалдырығын тұңғыш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріне тағлымды тәрбиемен қоса, баға жетпес сый жасады.
Өткелі мол өмір заңына сәйкес, бүгінгі отырғызылған балғын шыбықтардың тамыры жерге терең жайылып, ертеңгі күні аяулы мектебіміздің саялы да мәуелі бағына айналатынына бек сенімдіміз.
Сынып жетекшілер:
Р.А.БАЛТАГУЛОВА, А.ЗАРИХАН, Б.С.АРЫНОВА.