Болашаққа Бағдар: «Рухани жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысы, Успен ауданының №3 мектебінде аудан әкімі Сергей Иванович Саламацкийдің қатысуымен жас педагогтарға арналған кездесу өтті.
Кездесу диалог форматында ұйымдастырылды, әрбір жас маман өздерін ауылдық жерде толғандырып жүрген мәселелерді қарастырып, өздерінің кәсіби жетістіктері мен шеберліктерімен бөлісіп, болашаққа құрған жоспарларын ортаға салды.
Аудан әкімі жас мамандарға аз уақытта болса кәсіби қызметінде белгілі жетістіктерді бағындырған тәжірибелі тәлімгер тағайындалғандығын тілге тиек етті.
-Ауданымызда жас мамандардың жылдан жылға артып келе жатқандығы қуантарлық жағдай. Жас мамандарды қолдау, жергілікті атқарушы органдардың ең негізгі мәселесі болып қалады, — деді.
Әрбір қатысушыға естелік сыйлықтар табысталды.
Л. Теміртасқызы
Білім айнасы
Павлодардан