15.06.2018 жылы Алматы қаласы, Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау салтанаты өтті. 2017-2018 оқу жылында осы мектепті 16 түлек тәмамдап,оның 1 «Алтын белгі», 2 «Үздік аттестат» иегері атанып отыр. Көңілдерде қимастық сезімі ұялап, тарыдай болып аттаған табалдырықтан көкке қанат жайған соңғы қоңырау үні мен қолдарына ұстаған аттестаттары түлектердің үлкен өмір есігін ашқалы отырғандарының күәсі. Салтанатты рәсім дәстүрге сай, әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран орындаудан бастау алды.
Мектеп директоры ҚР «Құрметті ұстазы», ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Кержикеева Данагүл Рысбайқызы мектеп бітірушілерге жылы лебізін білдіріп, алдағы ҰБТ сынағында мектеп бітіруші түлектері жоғары көрсеткіш көрсетулерін тіледі.
Астанамыздың 20-жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айда анық. Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан Астанамыз сияқты сендер де кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істерімен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
Алтын ұямен қоштасар сәт таяп, кешегі тұлымды ұл ат жалын тартып, азамат болғанын, тұлымшақты қыз бой жеткенін бүгін ғана сезінгендей, көңілдері толқып, жүректері лүпілдейді. Алғаш әріп танытқан, бойларына жақсылықты дарытқан, балалығы мен шалалығын кешірген аяулы ұстаздарын қимаса да, қияға құлаш сермейді, аңсауға толы арманға қол созады. Мектеп бітірушілер бұдан кейін қоңырау олар үшін сыңғырламайтынын, мектеп партасына қайтып отырмайтынын білсе де, соның бәрін көкірегінің бір түкпіріне түйілген сырлы сағынышқа айналдырып кете бармақ. Ұстаздар он бір жыл бойы тәрбиесін шыңдаған, білімін жетілдіріп, қанаттандырған өрендерінің өздерін ешқашан ұмытпайтынына сенімді.
Ұстаздар және ата-аналар қауымы мектеп бітіруші түлектерге жарқын болашақ пен дұрыс таңдау жасауларына тілек білдірді. Өз орнында түлектерде жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне көңіл бөліп, өздерін талапты, білімді азамат болып қалыптасуына бар күш-жігірін аямаған ұстаздар қауымына, мектепке және ата-аналарына алғыс сезімдерін білдірді.
Жолың болсын жас түлек!
ДТІЖО Ауэлбекова Гавхар Умурбековна