Home » Жаңалықтар » БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛАР ҚАДАМ

БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛАР ҚАДАМ

Биылғы  жылдың 29 қаңтары күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы ПҚ БАИ» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының басым бағыттарын талқылау мақсатында «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында диалогтік алаң өткізді. Іс-шараға  филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, Алматы облысындағы мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары қатысты.
Жиынды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина ашты және Елбасы идеяларын насихаттай отырып, институтта Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген «Айналаңды нұрландыр», «Ұстаздар оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір» жобалары табысты жүзеге асып жатқандығын атап айтты. Сонымен қатар, облыстағы бірқатар мектептерде рухани жаңғыру негізінде жас ұрпақты азаматтық, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеуге оң әсер ететін эксперименттік ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Диалогтік алаң жұмысы барысында педагогтар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының басым бағыттарын талқылады. Қатысушылардың баяндамаларының түйіні, қазіргі кезеңдегі басты міндет  – уақыттың қажеттілігіне қарай жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің сапасын арттыру деген пікірге келіп саяды. Тыңдаушыларда ерекше қызығушылық оятқан Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, №24 мектеп-лицейінің директоры Гүлжан Ерубаева; Талғар ауданы, Бесағаш ауылы, №45 ЖОМ тарих пәні мұғалімі Мақсат Биғожаев; Талғар ауданы, №140 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ержан Нүсіпжан; Еңбекшіқазақ ауданы, №38 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Мәншүк Абдушова және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушылары, басқа да бірқатар қатысушылардың баяндамалары болды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар патриоттық сезімдердің дамуына белсенді түрде ықпал ете алатын бірқатар педагогикалық идеялар мен практикалық ұсыныстарды ортаға салды. Атап айтсақ, елімізде тұратын қазақ және басқа да халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін кеңінен тарату мақсатында жобалар, олимпиадалар, байқаулар, этно-педагогикалық оқулар ұйымдастыру және өткізу.
Диалогтік алаңға қатысушылар Елбасының мақаласын белсенді талқылап, жас ұрпақты тәрбиелеу мен тәрбиелеуде нақты практикалық істерді жүзеге асыруға барлық мүмкіндікті жасайтындығын және мұғалімнің кәсіби деңгейін жоғарылатуды ынталандыратындығын атап айтты.
Шара қорытындысы бойынша қатысушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» сертификаттарымен марапатталды, ал педагог-новаторларға алғыс хаттар табыс етілді.


Айгүл НҰРАҚБАЕВА,
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты»,
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі
бөлімінің бас маманы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.