Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауының аясында «№5 мектеп — гимназия» КММ атқарылған іс – шараларын ортаға салуды жөн көрдім
Мектептің 2018-2019 оқу жылындағы оқу — тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жеке тұлғаның даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.
Жаңашылдық оны қалыптастыру – бала тәрбиесінен басталары қақ.Себебі ертеңгі ұлт, халық осы болашақ ұрпақтың қолында.Дана бабаларымыз өсиет еткендей «ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты тәрбие сағаттарынан бастау алды.Онда бастауыш, орта және жоғарғы буын оқушыларының деңгейіне қарай тәрбие сағаттарының өтілуі, сана-сезімдері мен дүниетанымдылығын арттырары сөзсіз. Тәрбиенің астары білімге апаратын ұзақ жол. Сол жолдардан сүрінбеу үшін әр жылдың жылдық жоспарын нақты бағытын, мақсатын, мақсатқа жететіндейғып құрылса, онда білім шаңырағында білім мен тәрбие қатар жүреді.
Оған себеп Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуында. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған:
- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;
- Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
- Зайырлы қоғам және жоғары руханият;
- Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім;
- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
- Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі аталған құндылықтарды жастарға насихаттаумен байланысты.
Әр адам өз жерінің, елінің патриоты болуы керек. Осы орайда ұстаздарымызда, оқушыларымызда аянбай еңбек етіп, «Жасыл ел» акциясын іске асыруда. Өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы болмақ.
Қазақстан әлемдегі ең жас мемлекеттің қатарында.
Көрпесіне қарай көсілетін әр заманның өз жастары болады. Жастар – ұлт келешегі. Ертеңгі қоғамның айнасы іспеттес. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақ қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да жастардың қызығушылығын қоғам назарына бұру дұрыс сияқтанады. Жалпы қандай елде болса да оның азаматтарының, жастардың қоғам өміріне белсене араласқаны жақсы құбылыс емес пе?! Әрине, солай! Қазіргі танда, елімізде жастар саясаты қолға алынуда. Бұл орайда көптеген игі бастамалар өз жемісін көрсетіп те жатыр.
Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі — жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі «Жасыл ел» бағдарламасы.
«Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қаланған болатын.
Нәтижесінде мектебімізде «Жасыл Ел» жасағы штабы құрылды,оның да өзіндік себебі бар.Табиғат тірі ағзалардың алтын бесігі.Оның ауасы – анамыздың алақаны, су –анамыздың жүрегі, күннің нұры – анамыздың шапағаты іспетті. Жер Ананы құрметтемеген адамда қандай тәрбие болуы мүмкін. «Жасыл Ел» жасағы штабы өз жұмыстарын бастады. «Жасыл Елдіктердің» мерейі төгілген сәт те келіп жетті. Бүгінде, мектебімізде осы бағдарламаның іске асуына барынша атсалысуда. Сол жалынды жастардың көмегімен бұл ірі бағдарлама осы күнге дейін жақсы нәтиже көрсетуде.
Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты — жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз мақсатынан тайған емес. Қаншама оқушыларымыз бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет жасауда. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салысса, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуантарлық жайт болып отыр. Сондықтан мынадай iс-шараға барлық оқу орындары ат салысса, тiптен жақсы болар едi.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары студенттерді жұмыспен қамти отырып, қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шараларды қолға алып, жүзеге асырғаны шындық. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тауып кетері айдан анық. Бағдарламаның қалыптасу кезінен бастап, елімізде бірқатар шаралар, пайдалы акциялар өткізілді. Егер басында бұл мәселе орайында, тек «не істеу керек?» деген сауал туындаса, қазір «не істелінді?» деп сұрайтын кез де келіп жеткен сияқты.
Қазір «Жасыл ел» — жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналып отырғанын байқаған да шығармыз. Жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, елді көгалдандыру — Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, игілікті іс екені даусыз болғаны рас. Сондықтан да болашағы бар «Жасыл елдіктердің» мерейі жасай берсiн, дей келе, еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті боларына сенеміз.
Жумабекова С.Н.
МГ№5 Оқу ісінің меңгерушісі