Home » Мақалалар » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады» деген оймен келелі келешек жастардың  қолында екенін айтып өтті. Бұл –жастардың болашақты жаңғырту үшін руханият пен мәдениет, экономикалық сауаттылық пен білім және сандық құрудағы қазығы деп білсек болады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы конференциялар мен саяси жиындарда ғана  емес, жоғары оқу орындары мен мектеп қабырғаларындағы жастар арасында да қызу талқыға түсті. Мақсатының айқын, бағытының белгілі, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деген жолды ұстанған елбасының келелі ой, салиқалы саясаты, батыл шешімдеріне аяқ басуда біз, жастар, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің үшінші жаңғыруында саяси реформа мен экономикалық жаңғыру жолын қолға алуда, осы екі үрдістің нақты мақсат-міндеттері мен жолдарын жік-жігіне бөліп, атап өтті. БҰҰ шешімімен  ақпараттандыру ғасыры аталған, XXI ғасыр – білім-ғылымның дамыған, ақпараттық технологияның кеңінен өріс алған ғасыры.

Төлеубаева Нұргүл Қайырбекқызы,
№229 Жалпы орта мектеп  мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.