Home » Мақалалар » Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру»

Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру»

Бұл тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен кемел келешегі үшін жоспарланған қозғаушы күш.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында еліміздің дамуының нақты қадамдарын көрсетіп, ұлттық құндылықтарды, сананы жаңғырту және ұлттық болмысымызды әлемдік құндылықтармен үйлестіре білу керектігін айқын көрсетіп отыр.

Рухани жаңғыру – біздің тарихымыздан, салт – дәстүрімізден нәр ала отырып, жаһандық дамуға орасан зор үлес қоса алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Бұл бағдарламада білім, ғылымға ерекше басымдық беріліп отыр. «Мәңгілік ел» болуға ұмтылған қазақ елі үшін жаһандану алдында ұлттық болмысын сақтаған,ақыл – ойы кемел, зерделі ой түзе алатын ұрпақ тәрбиелеу басты мәселе. Осы орайда ұлттық болмысымызды, бірегейлілік пен бәсекеге қабілеттілікті жас ұрпақ бойына сіңіру басты міндет. Бәсекеге қабілеттілік – саясат пен экономикада, ғылымда, технологияда, яғни, барлық салада болуы тиіс. Бәсекеге қабілетті әрбір тұлға сапалы қызмет түрін ұсына алады.

Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық болмысы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін, жақсылыққа ұмтылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жаңғыртып, дамытып отыруға тиіспіз.

Астана қаласында өткен «ЭКСПО – 2017» көрмесі осының айқын дәлелі. Осынша қысқа уақыт ішінде біздің еліміз әлемнің кез – келген елімен экономика, өнер, спорт, т.б салалары бойынша бәсекеге қабілетті елге айналды.

Осы орайда Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінде түрлі іс – шаралар өтілуде.Атап айтар болсам, 1 – 9 – сынып оқушылары арасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында тоғызқұмалақтан жарыс өткізді.0 – 9 – сыныптар аралығында «Мәңгілік ел – Қазақстан», «Мен елімнің болашағымын», «Мен Отанымның патриотымын» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.

Олай болса, рухани жаңғыру арқылы әлем мойындаған табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында елімізді гүлдендіре беруге ат салыса берейік!

Балтамуратова Айзат Жумагаликызы,
Жалғызтал ауылы,
Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі
білім беретін мектебінің кәсіподақ төрайымы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.