Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжап, көзқарастарымен бөлісті. Н.Ә. Назарбаев «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
- Бәсекеге қабілеттілік;
- Прагматизм;
- Ұлттық бірегейлікті сақтау;
- Білімнің салтанат құруы;
- Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
- Сананың ашықтығы.
Бағыттардың бәрі де өзекті және уақыт талабына нақты жауап береді. Елбасының Білімнің салтанат құруы деген төртінші бағытында: Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген. Білім – рухани жаңғырудың басты алғы шарты. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін əркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім əрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бəрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ел Президентінің рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары білім саласында да, ұстаздар қауымы тарапынан бірауыздан қолдау табады деп ойлаймын,білімді ұрпақ тәрбиелеуде өз үлесімізді қосайық.
Жакаева А.Б.,
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің
бастауыш сынып әдістемелігінің жетекшісі,
Қостанай қаласы