Home » Балабақша » Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.Бұл мақалада сананы жаңғырту,ұлттық болмыстан,ұлттық намыстан айырылып қалмай,әлемдік құндылықтармен үйлестіріп,Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтеріліп отыр.Ол адами құндылықтар,рухани қазына,жастарды тәрбиелеу,олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға тартып отыр. Бұл дегеніміз -ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін,мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді,ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға сыяды.Бұл –Тәуелсіз еліміздің бақыты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.Өйткені рухани байлықтың кемел болғаныбұл жеке азаматтарымыз үшін де,әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. «Мәңгілік ел»болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып,ақыл-парасаты толысқан,ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса,еліміз өркениетті бәсекеге қабілетті болатыны анық.Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып,рухани мәдениеттің дамуы үшін әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін.Ұлттық жаңғыру дегеніміз –ұлттық санамен тығыз байланысты.Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап,ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке,бірлік салтанат құрған кезде бәсекеге қабілетті,табысты ел болу. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимын.

Садуова Зерхан Несіпбаевна

№2 «Жанар» балабақшасының директоры,

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.