Home » Мақалалар » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қолдау

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қолдау

Көшбасшымыз кемеңгер Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялап, саяси реформа мен экономикалық жаңа эволюцияны бағдар етіп – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу керектігін межелеп, рухани жаңғырудың бүгін ғана басталмағанын, тәуелсіздік кезеңнен бастап «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламалары аясында ұлы дала төрінде тарихи мәдени ескерткіштер мен нысандардың жаңғырғанын, әлемдегі ең белді архивтерінен төл тарихымызды өрлететін құжаттардың жиналғанын, сондықтан шекарасы шегеленген мықты ел, енді ештеңеден тайсақтамай Біртұтас мәңгілік Ұлт болудың қамын ойлап, санасы жаңғырған халықтың даналығы да жаңғыратынын айтып өтті.

Болашақты алыстан болжап, дерттің дауасын дәл анықтайтын Елбасы бұл жолы да нысанаға дәл тигізді. Өздеріңіз көріп отырғандай күллі әлем көз алдымызда кірпік қаққанша өзгеруде. ХХІ ғасыр жыландай жиырылып жыланатын, әркімнен сүт сұрап сұранатын ерді езге, елді кезбеге айналдырып, құмға сіңген судай құрдымға құлататын ғасыр. Бұндай тажалдан құтылуымыз үшін – ұлттық кодымызды сақтай отырып, жаңа тұрпатты ұлттық сананы — жаһандық нарықтағы бәсекелік — зияткерлік қабілетке икемдеп, таптаурын болған қасаң қағидалардан заманауи мінез-құлықтық прагматизмге бойлай ендіріп, ұлттық бірегейліктегі сана-сезімнің көкжиегін кеңейтетін білімнің салтанат құруына ат салысып, ошақ қасындағы революциядан, сана ашықтығындағы эволюцияға бет алуымыз қажет. Сол себепті, мен «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды қолдаймын және талаптарын орындауға даярмын. Меніңше 70 тілді меңгерген Әл-Фарабидің асыл ұрпақтары үш тілде сөйлеп, латын тілінде жаза алса, одан ұтпаса ұтылмасы хақ. Онсыз да қазіргі креативті жастарымыз ұялы телефондағы хабарламалар мен сұхбаттарды латын әріпімен жазады. Бұл — болашақ жас буын үшін ешқандай қиындық емес.

Қазақта жақсы сөз бар «Бөтен жердің гүлінен, туған жердің тікені артық» деген. Сондықтан қандай да бір ел азаматы туған жерін жұмағым деп түсінсе, ауылы алтын бесігін, киелі шаңырағы есігін, ардақты асылдардың есімін ұмытпай, несібесін өкіметтен емес, ақылымен, қолымен, дарынымен ұштасқан наны тәтті еңбектен іздегені жөн. Олай болса сөзімді шынайы тілектен, қоғамға рухани серпін береді деген ниеттен туған бір шумақ өз өлеңіңмен аяқтасам;

Жаныңда жүр жақсы адам.

Жолың ашық бас қадам!

«Темірді қызған кезде иле!» деген,

Жалқауға жолығады бос қазан. – демекпін.

 

Амангелдиев Жандос Амангелдіұлы,
№2 Ш.Уалиханов ЖОБМ ДТІЖО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.