Home » Мақалалар » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау

 

Сапаров Жанат Әуелтайұлы,

                            «Шардара» мектеп – лицей директоры,

ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласы

 

 

 

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі,

Ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны»

             Н.Ә. Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Елбасымыз Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқталады.

  1. Бәсекеге қабілеттілік;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
  6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

Осы орайда мектеп-лицей ұжымы Елбасының бағдарламалық мақаласын толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі атсалысуда. Елбасы халқымызға өз дүниетанымын түбегейлі өзгерту жөнінде нақты кеңес береді. Тұғырнамалық мақсатында әрбір қазақстандықтың мақсат-мүддесі қамтылғандықтан біздің ұжымға да үлкен серпін әкелді. Мектеп-лицейде ақпараттық насихаттық топ құрылып олар ұстаздармен, оқушылармен түсінік жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Атап айтар болсам «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде ала отырып ұжымда іс-шаралар ұйымдастырылды. 9-10 сыныптар арасында «Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты дөңгелек үстел, «Барыстай батыл қадымда» атты әскери-патриоттық сайыс 10-11 сыныптармен, «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» атты баяндама/ ДТІЖО орынбасары Г. Исаева және мектеп-лицейдің педагог-психологының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары арасында «Болашаққа нық қадам» атты тренингтер өткізілді.

     

   

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.