Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Осыған орай Павлодар облысы, Железин ауданындағы Абай ЖББН мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты сынып сағаты өткізілді.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекет басшысының айтқан ұлттық код пен ұлттық мәдениеттің сақталуы, одан кейін латын әліпбиіне көшу, «Туған жер» бағдарламасына сәйкес айтылған ережелерді оқушылардың саналарына құюды көздейді.
Л. Жүнісбекова, Білім айнасы. Павлодар қ.