«Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болу керек» деп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында атап өткен.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы кең түсінік беру. Елімізге еңсе тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан. Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына халқына адал қызмет етуге, Елбасы өмірін үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы, Жетісу ауданы №177жалпы білім беретін мектепте 1 Желтоқсан Елбасы күніне орай іс-шаралар өткізілді.
Осы орайда, 1-11 сыныптар аралығында «Елім деп соғар жүрегім» атты көрме байқауы, «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында сынып сағаттары түрлі формада өткізілді. Оқушыларға Қақастан Республикасының президенті Назарбаев өмірімен мәліметтер берілді, елі үшін жасаған істері үлгі-өнеге етілді.
«Болашаққа бастап берген Елбасы» бүктемелер байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар Елбасының өз мемлекетінің гүлдену үшін жасаған жолдарын ерекше ашып көрсете білді. «Біздің Елбасы» атты эссе байқауында үздік деп танылған жазба жұмыстары мақтау қағазымен марапатталды. «Президентіме шын жүрегіммен» атты мерекелік концерт, «Президент ғасыр адамы» дөңгелек үстелде егемен еліміз әлемдік деңгейге көтерілетін өрісі биік, Қазақстанның саяси-әлеуметтік бағдарын, экономикасын, идеологиясын құрып, Тәуелсіздіктің тұғырын нығайтудағы тың ойлар талқыланып, жоғарғы деңгейде ұйымдасырылды. «Ел және Елбасы» сурет көрмесі, «Әлем таныған тұлға» кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары сурет және көрме байқауларына белсене ат салысты, қылқалам ұшымен «Егер мен Елбасы болсам» деген тақырыпта Елбасының жүріп өткен жолын әрі қарай дамытуды бейнеледі. Сонымен қатар, футболдан, стол теннисінен, флешмобтан мектепшілік, аудандық және қалалық байқаулар ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан оқушылар I, II, III орындарды иеленді.
Осындай іс-шаралардың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуына мектеп басшысы Тұрсын Танатұлы басшылық жасап, мектеп ұжымы жан-жақты толық ат салысты.
Мемлекет басқару ісі – қиындығы көп, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар білімді басшымыз барда, еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқындаы дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі Елбасымыздың арқасында. Елбасының ерең еңбегін үлгі тұтып, әрбір бала еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, оқу оқып, білім игеру қажет. Жас Тәуелсіз мемлекетіміздің биіктей түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықтың нығаюы Елбасының арқасы. Ал, оны әрі қарай дамыту, біздің басты парызымыз деп түсінуіміз қажет.
Сабитова Жазира Сапаралықызы
Нартбаева Айгүл Байғабылқызы
Макулбекова Эльмира Бақытжанқызы
№ 177 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары.