Home » Мақалалар » Болашағы жарқын- Жолдау

Болашағы жарқын- Жолдау

Биылғы жылы Елбасымыз дәстүрлі халыққа Жолдауын жария етті. Бұл  Жолдау әдеттегіден  өзгерек нақты айтқанда берері мол Жолдау болды. Оқып отырсаңыз қай сала болмасын елеусіз ескерусіз қалмаған. Даналық пен  көрегенділікпен  жасалған.

Жолдауда өзім қызмет атқаратын  білім саласы оның ішінде  мектепке дейінгі тәрбие  саласына ерекше тоқталған. «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті  дамытуға  және  командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет» —  деп атап көрсетті. Елбасы өз сөзінде мектепке дейінгі білім берудің жол картасын әзірлеуді тапсырумен қатар жеке балабақшалар білім саласына назар аудару керектігі мен тәрбиешілердің ең алдымен біліктілік талаптарын қайта қарау қажеттілігінде айтып өтті. Сонымен қоса қазіргі таңда өзекті  болып отырған «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп қабылдау керек — деген сөзі алдағы уақытта  білім саласында болатын өзгерістердің айқын көрінісі.

Нақты  болашаққа жетелер Жолдау қолымызда тек енді іске асыру ғана қалды. Жолдау бағытына сай жоспарлар түзіп  нәтижелі жұмыстар  келешегімізді кемелді, болашағымызды  жарқын  етері анық.

 

Абибуллаева Зухра Абдуллақызы
қалалық білім бөлімінің «Баларман»
балабақшасы  КМҚК  меңгерушісі
Қызылорда қаласы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.