Home » Жаңалықтар » Бойында білім мен жігер-күш, сәт — сапар, жас түлек, самғап ұш!

Бойында білім мен жігер-күш, сәт — сапар, жас түлек, самғап ұш!

       Мектеп бітіруші түлектерге арналған «Түлектер біздің болашағымыз» атты  аттестат табыстау кеші салтанатты түрде өтті. Салатанатты жиынға ардагер ұстаздар мен түлектердің ата-аналары, туған-туыстары қатысты. Жиында аудан әкімі К.Ш.Кашкиров жас түлектерді мерейлі қуаныштарымен құттықтап, ақ жол тіледі  және мектебіміздің үздік түлегі Мұхамет Айданаға «Алтын белгі» төс белгісі мен орта білім туралы аттестат және ноутбук сыйлығын табыстады. Көңілдерін шаттық пен қимастық сезімі кернеген басқа түлектерге де аттестат табысталды.  Сонымен бірге жалпы ата-аналардың атынан,  алтын белгі иегері Айдананың әкесі Мұса Мұхаметұлы құттықтау тілегін жолдады. Жиында мектеп түлектері өлең жолдарын оқып, «Армандастар» әнін тамжылыта  орындады.

    Салтанатты жиын мектебімізде «Қош бол ұстазым, алтын ұя мектебім» атты мерекелік концертпен жалғасты. Мерекелік концертке Железин аудандық қаржы бөлімінің басшысы З.К.Усембаева, Железин аудандық білім бөлімінің басшысы А.Б.Баденова, аудандық білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі А.Т.Каримова және ардагер ұстаздар Н.Л.Алдыбаева, сонымен бірге  ата-аналар,  мұғалімдер  қатысты. Шара барысында мектеп директоры Т.М.Даулетов түлектерге және олардың ата-аналарына тілек білдіріп, «Ержүрек, ұлтжанды азамат болу үшін терең білім мен мықты тәрбие қажет. Мемлекеттің болашақта  тізгінін ұстайтын парасатты ұрпақ ретінде, асар асуларыңыз нық, өмірлік жолдарыңыз ақ, келешекте жарқын болашақ пен сәт-сапар» тілеп, мақтау грамоталарын табыстады. Келесі кезекте түлектеріміз  ұстаздар мен алтын ұя мектептеріне арнап, өлең жолдарын оқып,  «Мектебім», «Ұстаз-ана», «Бір үйдің баласындай» әнін орындап, жастар үлгісіндегі флэшмоб биін ұсынды.

    Шараның үшінші бөлімі мерекелік дастарханға ұласты. Мерекелік дастархан барысында ата-аналар мен ұстаздар, түлектерге ыстық лебіздері мен ән шашуларын арнады. Мектеп бітіруші түлектердің кешін әсем ән мен би құлпырта түсті. Түлектердің соңғы мектеп қабырғасындағы қызықты сәті болсын деген ниетпен ойындар ойнатылды.

      Төртінші бөлім бойынша, таңды қарсы алу алар алдында, түлектерге арнап, аға тәлімгер А.А.Ханенконың ұйымдастыруымен соңғы жиын (линейка) өткізілді. Жиында ұстаздар мен ата-аналар және түлектер, 11 жылғы мектеп өміріне есеп берді. Кейін ата-аналар мен түлектер соңғы вальс биін билеп, ақ жол төселіп, шашу шашылып, мектептен шығарып салу рәсімі жүргізілді.

    Бұл жылдағы дәстүрге сай өткізілетін, мектеп бітірушілер кешінде жас түлектерге құрмет пен қошемет көрсетіліп, оларға сәтті сапар болсын деген тілекпен, мерейлі мереке ретінде ұйымдастырылып, жанға жайлы кездесу, ата-аналар мен мұғалімдердің салиқалы бір отырысы болды. Қызыққа толы балдәуреннен ересектер өміріне беталған болашақ иегерлерінің қуанышына арналған мерекелік кештің соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

 

Самал Сеилханова,
Павлодар облысы Железин ауданы
№3 ЖББ орта мектебі
директорының ДТІЖ орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.