Home » Ашық сабақтар » Бодикова Эленора Амангелдіқызы

Бодикова Эленора Амангелдіқызы

Қайырымды бала

Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқи отырып, оның идеясымен мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Сабақтың міндеттері:1)Оқушылардың ой-өрісін, танымды қабілеттерін дамыта отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2)Адамгершілікке,іздемпаздыққа ,мейірімділікке үлкенді құрметтеуге,кішіге ізет көрсетуге баулу.
3)Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, топпен жүмыс жасай алуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тірек сызбалар,кестелер, суреттер, қима карточкалар, ішіне сыртына кестесі.
Түрі: Баяндау,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер : Мазайка әдісі,жұптық жұмыс,топтық жұмыс,сұрақ-жауап,БҮҮ кестесі.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.Оқушыларды түгелдеу, сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастыру.Амандасу мақсатымен өлең шумақтарымен бастау.Шаттық шеңбер құру.
Меірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық ,
Бір жадырап қалайық.
Түстер бойынша 3 топқа бөліну.
«Мазайка» әдісі бойынша мақал-мәтел сөздерін құрастырып,топтың атын шығару.
І –топ «Әдепті»
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала,- сорлы бала.
ІІ-топ «Ақылды»
Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді.
ІІІ-топ «Ұқыпты»
Ұқыптының тоны тозбас. Ұқыпсыздың ісі оңбас.
ІІ.Үй тапсырмасы сұрау.
«Әжесін қайсысы жақсы көреді?»тақырыбына мазмұнын айту.
Үй тапсырмасын пысықтау.
Слайд арқылы үш топқа суреттер шығару.(өрт,полиция,газ апаты)

ІІІ.Жаңа сабақ.
1)Қызығушылықты ояту.
Үш топқа парақшалар беріліп,өз топтарын қорғау.
Жаңа сабақтың тақырыбы шықты. «Қайырымды бала»
Автормен таныстыру. Слайд. Кетеван Челашвили.
ІҮ.Сергіту сәті.
2)Мәтінмен жұмыс. (Мұғалім оқу)
3)Оқушылармен «Бір айналым»ойынын жүргізу.Түртіп алу стратегиясы.
4)Проблемалық сұрақ
1)Нодар қайырымдылықты өз ақылымен жасады ма,әлде басқа біреудің айтқанымен жасады ма?
2)Нодар екінші қайық сатып алуды әкесінен неліктен «ақырын ғана» сұрады?
3)Сен жап-жаңа ойыншығыңды Нодар сияқты досыңа сыйлай алар ма едің?
Ү.бөлім
Дәптермен жұмыс.
Түртіп алғандарын жазу.
ҮІ.бөлім.

Қорытынды.
1-топқа РАФТ
2-топқа Бес жолды өлең.
3-топқа Эссе жазу.
ҮІІ.бөлім.
ББҮ кестесімен жұмыс.
1-топ Білемін.
2-топ .Үйрендім.
3-топ Үйренгім келеді.Іздену.
ҮІІІ.бөлім
Кері байланыс.

Бодикова Эленора Амангелдіқызы,
№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы
мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.