Home » Оқу-әдістемелік материалдар » БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЕНГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЕНГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның болашағы — дарынды балалар қолында» деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді.   Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.
Студенттерді  шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Студенттің шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да студенттің  шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс.
Алдыменен оқытушы  түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы қабілеттерін шыңдауы қажет. Студенттердің дамуын жақсарту үшін оқытушы оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мен колледжіміздің типтік  жоспарын  басшылыққа ала отырып «Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуда Блум таксономиясын оқу процесіне енгізу ерекшеліктері » деп алдым. Өйткені, оқытушы  студенттердің  сыни тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді.
Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы студенттердің сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық қабілеттерін дамыту. Бұл Блум таксономия әдісі негізінен «Қойылған мәселелер студенттер  үшін мәнді болу керек, ол студенттер  қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін»
Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы студенттердің  белсенділігі, өзіндік сана-сезімі мен пайымы дамиды; оқытушының кәсіби білімі артады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде студентке  терең білім беріледі, жеті модульде қамтылады, әрі студентті бағалауда оқытушы  олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. Топта осындай сұрақтар қою арқылы студенттер үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады.
Студенттер  шығармашылық деңгейге қөтеріледі. Блум таксономиясы — жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады. Мен сабақтарымды Блум жүйесімен құруға тырысамын. Көбіне қайталауда деңгейлік сұрақтарды құру арқылы Блум түймедағын қамтуға болады. Енді қазір Блум таксономиясының 6 деңгейін өз сабақтарымда қолданғаныма  қысқаша тоқтала кетейін

  • Білім
  • Түсіну;
  • Қолдану;
  • Талдау;
  • Синтез (жүйелеу, жинақтау);
  • Бағалау
  1. Білу                  

Бұл категория мәліметтерді  қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректерді еске түсіреді.                                                                                                        оқытушының қызметі – әңгімелейді, көрсетеді, меңзейді, жетекшілік етеді; студенттің  қызметі – тыңдайды, есте сақтайды, меңгереді, біледі, еске түсіреді, айтады,дәйек сөздер келтіреді, анықтайды;

  1. Түсіну               

Бұл категорияда оқу материалдарын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау, жорамалдау — оқу материалдары бойынша әңгіменің  әрі қарай не туралы болатындығын оның салдары мен нәтижелерін болжау.                                                                                           оқытушының қызметі – дұрыстығын салыстырады, көрсетеді,  студенттің  қызметі – талдайды, түсіндіреді, хабарлайды, мысал келтіреді.

  1. Қолдану

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді.

Оқу материалды тереңірек игеруді талап етеді.                    оқытушының қызметі — қадағалайды, елейді, көмектеседі, жағдай жасайды;

        студенттің  қызметі – қолданады, қарайды, сенеді, көрсетеді, Бұл деңгей таным белсенділігінің төменгі сатысына жатады.

  1. Талдау                                

Бұл категоря оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрлысын қалай құрылатындығын талқылайды оқытушының қызметі – алға жетелеуші, ақыл-бағыт көрсету, талпынуға әрекеттердіру, ақпараттық көздерді ұсыну; студенттің  қызметі – талдау, бір жүйеге келтіру, байланыстырады, сұрақтар қояды, қорытынды жасайды;

  1. Синтез    

Оқу материалдарының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше хабарлама, жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады.

оқытушының қызметі – кеңейтеді, салыстырады, әсер етеді;  студенттің  қызметі – жинақтайды, жетілдіреді, ойластырады, түзетеді, жүйелейді,  өңдейді, болжамдарды тұжырымдайды;

  1. Бағалау
    Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.

         оқытушының қызметі – түсіндіреді, түзетулер енгізеді, допускает, белсенділік жасайды, келіседі;                                              студенттің  қызметі – бағалайды, дәйектер-дәлелдер келтіреді, шешім қабылдайды, қорғайды, болжайды, ұсыныс жасайды, айғақтандырады.  Блум таксономиясы кезең-кезеңмен орындалатын мақсаттар жүйесін қамти отырып студенттердің сыни ойлауын бағалау арқылы нәтижеге жетуді білу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үрдісінде Блум Таксономиясы арқылы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақта қолдана алады.

Мысалы нақты тапсырма көкөністер тақырыбын  қарастырсақ.

Берілген сұрақтарды Блум Таксономиясына салу.
       Білім: Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайдасы бар?
       Түсінік: Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
         Қолдану: Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.
         Талдау: Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
         Жинақтау: Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?
             Бағалау: Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге? Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салып, реттік деңгей бойынша ажыратады, түсіндіреді, дамытады, тәжірибеден өткізеді. Тапсырма бойынша постер жасап, қорғайды. Сонымен Блум таксономиясы алты деңгейден тұратынын анықтадық, оның алғашқы төрт деңгейі күнделікті дәстүрлі сабағымызда орындалатынын, ал тек жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша тақырыпты синтездеп, жинақтап, қорытындылау керектігін байқадық.
Үй тапсырмасын тексеруге арналған деңгейлік сұрақтарды Блум түймедағына орналастыру мысалдары, оқушылардың сабақ барысындағы шығармашылық жұмыстары таныстырылады. Аталған сабақтардағы қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерге, топтық жұмыстарға тоқтала келе, Блум жүйесімен бағалау парағы түсіндіріледі. (Қатысушылармен практикалық жұмыс ұйымдастыру). Кері байланыс, рефлексия жасау.
Блум жүйесінің 6 деңгейі негізінде оқушыға сапалы білім мен шығармашылығын дамыту маңызды деп санаймын.

                                    Бектұрғанова Әсемгүл Арғынқызы
Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің
қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.