Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі еліміздің қарқынды дамып келе жатқанын, демократияның жарқын көрінісі екенін көрсетеді. Потенциалы жоғары қызметкерлер жұмыс жасайтын №35 «Ер Төстік» балабақшасы президентіміздің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын ұжым арасында талқылады. Елбасымыз еліміздің бүкіл әлем білетінін және жоғары бағалайтындығын нақты дәлелдер келтіріп, өзінің жолдауында абыроймен атап өтті.
Қазақ халқы үшін ең маңыздысы ұрпағының үлгілі тәлім-тәрбие алып, сапалы білім алуы екені бәрімізге мәлім. Елбасымыз жыл сайын жолдайтын үндеуінің негізгі мәселесі ретінде ұрпақ тәрбиесі мен білімін алға қояды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді» — деп атап өтті. Тек Тараз қаласының өзінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында 29 мемлекеттік және 27 жеке меншік балабақша пайдалануға беріліпті. «Балабақша — балалардың бал мекені» екенін ескеретін болсақ, балабақшалардың көбеюі ата-аналардың қуанышы, сәбилердің қызықты балалық шағының көрінісі.
Біздің балабақша 2013 жылдан бастап балаларды көптілділікке тәрбиелеу жолында эксперименттік жұмыс жүргізуде. Яғни елбасымыздың Үндеуінде: «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды»- деген сөздері біз үшін жаңа қадамдар жасауға жол ашты. Біз балабақшадан бастап бүлдіршіндерге қазақ тілінің құндылықтарын бойларына сіңіріп, ағылшын тілін меңгертіп, орыс тілін үйрету арқылы балалардың жан-жақты тәрбиелі де білімді ұрпақ болуына үлесізімізді қосудамыз. Елбасымыз: «Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр… Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!» — деді. Яғни болашағымызға нық сеніммен қарап, бүлдіршіндерімізді елін, жерін сүйетін, тілдік құзіреттілігі қалыптасқан, білімді азамат етіп тәрбиелейік.
№35 «Ер Төстік» балабақшасының меңгерушісі
Ережепбаева Алма Сайлаубекқызы