Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға» қалай дайындайды?» ғылым мен техника дамып, әлемнің өзгеруіне ықпал еткен алуан түрлі технологиялар заманында білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – еліміздің дамуына, өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосатын білімді, меңгерген білімін кез келген жерде қолдана алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, экономикасы дамыған, қуатты мемлекетке айналуына табиғат ресурстары және рухани құндылықтарымен қатар, оны игеру үшін білімді ұрпақ, сол елдің білім бағдарламасы шешуші фактор екендігі сөзсіз. Білім беру жүйесі дамыған елдердің озық білім тәжірибесін тиімді қолдану арқылы, жастарды тәрбиелеп, қалыптастыруда мектептің, мұғалімдердің рөлі өте үлкен. Екінші деңгей бағдарламасы бойынша білім алып, өз іс — тәжірибеме өзгерістер енгізіп, жеті модуль (Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану) аясындағы әдіс тәсілдерді қолданып, сабақтар жүргіземін және топтық жұмыс бұл бағдарламаның негізгі ажырамас бөлігі болып табылады. «Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (МАН 2014 ,41 бет). Оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі арқылы білім беру өз бетінше ізденуге, белгілі бір мәселені шешуде ойлануға ойын тұжырымдауға, зерттеулер жүргізу арқылы ғылыми жобалар жазуға ынталандырады. СТО стратегияларына: блум таксономиясы, «ДЖИГСО», «Кубизм», «Проблемалық мәселе қою», «Ассоциациялық карта», «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта », «Конструктивті кесте», т.б әдіс тәсілдер жатады. Жаңа педагогикалық технология бойынша СТО модулі бойынша сабақтар үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту (мотивация ) мағынаны ажырату (реализация), ой-толғаныс (рефлексия).
Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері нені білгені жөнінде ой толғаныс жасауларына мүмкіндік
береді. «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Ойлау картасы», «Ассоциялық карта», «Кім жылдам?», «Не,Кайда,Кашан?», т.б әдіс-тәсілдер оқушылардың мотивациясын оятып ынталандыра түссе, екінші кезеңде жаңа тақырыппен танысуда, ақпарат алмасуда, танымдық белсенділігін, зерттеушілігін т.б көрсетуде «ДЖИГСО», «Кубизм», «Фишбоун», «Деңгейлік тапсырмалар», т.б стратегиялары, ал үшінші кезеңде «Ақылдың алты қалпағы», «Кластер» , «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта», «Конструктивті кесте»,
«Шутрман-пилот», «Жәрмеңке», т.б әдіс-тәсілдері өте маңызды.
«ДЖИГСО» әдісі тапсырмасы үш этаптан тұрады:
І-этап: «Қызығушылығын ояту»
ІІ-этап: «Мағынаны ажырату»
ІІІ-этап: «Ой-толғаныс»
«Кубизм» әдісі тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызады. Кубиктің қырлары бойынша жұмыс шарттары таңдалып тапсырманы ауызша жүргізуге болады. Бұл әдісті 7-сыныпта жануарлар дүниесі, 6-сыныпта өсімдіктер үнисімен танысуда, т.б. сабақ ортасында қолдану тиімді. Кубикті иіру арқылы әрбір топ кезектесіп, тапсырмаға ауызша жауап береді. Мысалы: Буынаяқтылар типі, Шаянтәрізділер класы, Өзен шаянымен танысуда:
1-ші: шарт бойынша суреттейді дене құрылысы тіршілік ортасы,
2-ші: буылтық құрттармен немесе шаянның басқа түрімен салыстырады,
3-ші: зерттеу арқылы ерекшелігі,
4-ші: қолданылуы, яғни маңызы айтылып,
5-ші: дәлелдеуде тіршілік қасиеттеріне тоқталып,
6-шы: мінез-құлқын талдайды.
«Кубизм» әдісімен, мысалы, бунақденелілер класымен танысу кезінде әрбір топ бунақденелілердің бір түріне постер құрастыру арқылы жазбаша да сипаттама беруге болады. Өз іс-тәжірибемде бұл әдісті оқушылардың қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату кезендерінде қолдану тиімді деп ойлаймын.
Үшінші кезеңде тарауды немесе бөлімді аяқтағанда қолдануға тиімді «Жәрмеңкее» әдісі. Бұл әдіс бөлім бойынша оқушы білімін танымдық, шығармашылық қабілеттерін саралап көрсетеді. Әр оқушы осы бөлімде қызықты да тартымды логикалық тапсырмалар құрастырып, өз жұмысын жәрмеңкеге әкеліп жарнамалайды, сатуға тырысады, алған оқушы тапсырмаларын орындап баға береді. Бұл кезеңде «ББҮ» әдісі бойынша «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Не үйрендім?» деген сұрақтарға жауапты стикерге түсіріп, рефлексия жасауға болады.
Биология – тірі ағзалардың сан алуандығын, олардың пайда болуын, даму эволюциясын, т.б талдауды, болжауды, баламалы шешімдерді қабылдауды, зерттеуді талап ететін жаратылыстану ғылымының бір саласы, бұл пән үшін СТО модулінің маңызы өте зор.
Шаяхметова Қаламқас Слямкановна,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылы,
«М.Мәметова атындағы орта мектебі» КММ-нің
Биология пәнінің мұғалімі