Home » Мақалалар » БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ

Аңдатпа

Білім беру саласында мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет –оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын өзгерту, қалыптастыру. Жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындыру, сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс жасай білуіне назар аудара отырып, сабақ үрдісінде қызығушылықтарын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту ең басты міндетіміз.

Биология сабағында дифференциалды және деңгейлеп оқыту арқылы оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын дамытуды жүзеге асырамыз.

Аннотация

Основная задача, которая стоит перед учителями в сфере образования-изменение, формирование творческих образовательных навыков учащихся. Доходчивое объяснении предмета молодому поколению, а так же повышении интереса к предмету путем активного использования средств массовой информации, развитие навыков самостоятельной работы, развитие творческих способностей является основной нашей задачей.

Будем работать над развитием навыков рассуждения ассоциации и запоминания (памяти) учащихся, путем дифференцированного и уроневого обучения на уроках биологии.

 

Annotation

In the field of  education the main responsibility of teachers are to change pupil’s creative  knowledge skills and improve them. To explain the subject clearly for young generation, also to pay attention how rising generation uses new technology, and to increase the interest in education process, to bringing up and to teach to work by themselves, and to develop their creative skills are our the main responsibility.

On the lesson of biology by differential and tiered learning we carry out to develop  pupil’s thinking, imagination, remember activity and their skills.

Білім беру саласында мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын өзгерту, қалыптастыру. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының  негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындыру, сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс жасай білуіне назар аударған жөн және оқушы қызметінбелсендіру, оқушының пәнге қызығушылықтарын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады. Сондықтан дифференциалды және дейгейлеп оқытуды пайдалануда  оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере  білім алуға қабілетін зерттей отырып,тұлғалық негізінің ашылуына жол ашады.

Мақсаты: дифференциалды және деңгейлеп оқытуда оқушыға берілген тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтаудың белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырманы қолдануда өзіңіздің біліктілігін арта түскендігін аңғарасыз.

Оқушыларды типологиялық топқа бөлу негізінде жеке тәжірибем бойынша психологиялық нұсқауларды, қосымша әдебиеттерден ақпарат жинаймын.Барлық оқушыларды топқа бөлемін:

-деңгейлік білімі бойынша;

-оқу мен дағдыны қалыптастыруына;

-қызығушылық іс-әрекеті бойынша [1,с.14 ]

Бірінші топтың оқушылары өз бетімен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары деңгейлі білім алуына жағдай жасайды, күрделенген деңгейді әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Екінші топтағы оқушыларға саралай жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

Үшінші топтағы оқушылар әр түрлі себептермен (жарыстарға қатысуларыңа байланысты, анықтама қағаздары бойынша)үлгерімдері бойынша ең төменгі деңгей тапсырмаларды орындайды. Бұл топқа мұғалім жағынан әрдайым көмек беру және бақылап отыруды қажет етеді.

Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып,өз бетімен жұмыс жасауыңа ықпал жасалады. Жұмыс қорытындысы бойынша екінші топқа көшіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор.Соның  ішінде Ж.А.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Оқушылардың  дифференциалды типологиялық ерекшеліктерін белсендіріп, мазмұны мен сапасын, әдіс-тәсілдер арқылы өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көменгін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді (есте сақтауы, ойлануы, оқу мүмкіншіліктеріне және т.б.).

«Өсімдік» және «Жануарлар» бөлімінің тақырыптары бойынша деңгейлік тапсырмаларды әзірлеймін.

Нәтиже бойынша деңгейлік тапсырмалардың сапасы өте жоғары-тексеру, лабораториялық жұмыстар, топпен жұмыс оқытудың сапасынжақсартып, тиімділігін арттырады.

Бұл оқушылардың іс әрекетте шығармашылықпен қарауын дамытып, оқыту процесінде өздігінен жұмыс істеу, білім алу деңгейін жоғарлатады.

Мұны іске асыру дифференциалды және деңгейлеп оқыту мазмұнын құру кезінде белгілі бір шарттар ескерілген жағдайда мүмкін болады.

Үш топтағы (А,В,С) оқушылар үшін түрлі деңгейлік тапсырма әзірленеді.

«Қарапайымдылар» тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарын үлгі ретінде ұсынып отырмын.

ІІІ топ (А деңгейі).№1 тапсырма-төрт сөйлемнің ішінен 1 дұрыс жауапты табу(5 тест тапсырмасы).

№2 тапсырма. Сөйлемді аяқта:

  1. Зоология бөлімі бойынша жануарлардың бір жасушалысын оқытатын ____________________
  2. Организмнен зиянды заттарды не арқылы алады _________________
  3. Суық түскен кезде амёба қалай пайда болады ____________________

№3 тапсырма. Керек суретті тауып сәйкестендір. (жануарды анықта; 1-10 осы номерлі органоид қайсы?)

 

 

ІІ топ (В деңгейі). №1 тапсырма. Бес сөйлемнен 2 дұрыс жауапты тап (тест тапсырмалары).

№3 тапсырма. Керек суретті тауып сәйкестендір, органоидтардың мағынасын түсіндір.

І топ: (С деңгейі).№1 тапсырма. 6 тапсырмадан 2 дұрыс таңдау.

№2 тапсырма:

1.бір ядерлік; А. кірпікшелі кебісше;

2.екі ядерлік; Б. диффлюгия;

3.көпті ядерлер;В. Дизентериялық амёба;

4.ядерлерсіз Г.бодо; Д.лейшмания.

№3 тапсырма:

Сурет бойынша қарапайым жануарларды анықтау.

8-сыныпта үш топ үшін «Тыныс алу» тақырыбында ауа өткізетін жолдарын табу, сызбаны толтыруда өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту.

ІІ топ: газдардың құрылымы бойынша кестені толтырады.

І топтың оқушылары өкедегі газ алмасу-ой механизмін түсіндіреді. Интерактивті тақтаны пайдалану барысында уақытты үнемдеп, материалдарды қайталауда үлкен мүмкіндік және сабақтың нәтижесін көруге болады. Өз жұмысымда төмен топтағы оқушыларға 1 және 2 үшін көмек көрсетемін, «лупа» эффектісі, «контейнер», «көрсету-жасыру», тест, бейнефильм, аудио-материалдары, анимациялық суреттер және т.б.

Сыныптарда тексеру қорытындысы бойынша, 1 және 2 тоқсанда оқу сапасының қорытынды мониторингін жүргіземін. Екінші тоқсанда сыныптардың білім сапасының 2,5% көтерілгендігін байқауға болады.

Мұғалім өзі анықтай алады, оқушының түрлі топтағы оқуындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен тәсілдері алдын ала белгілі жүйеге келтіру мүмкіндігі бар.

Деңгейлеп саралап оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, оқу сапасын, білімді игеру дәрежесін барынша толыққанды көрсетеді, жүйе оқушының тапсырманы өз бетінше орындауына мүмкіндік жасайды, орындау тездігі, түсінігінің тереңдігі арқылы оқу мотивін арттырып көрсететін кері байланыс үзілмейді.

Қазіргі білім алу мақсатында дифференциалды және деңгейлеп оқытуда мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады, оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады, ой әрекетінің сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі, түсіну тереңдігін көрсететін жүйелі байланыс сапасы артады, әр оқушы үшін жаңа көңіл-күй ахуалын өамтамасыз етуді жоғары деңгейде дифференциалды және деңгейлеп оқыту арқылы-оқушының жеке бас ерекшелігі, рухани дүниесі, қабілеті, бейімділігін ескере отырып, оқу процесі арқылы әр оқушының өз бетінше танымдық қызметін, белсенділігін дамытуды көздейді.

 

Әдебиеттер:

1.Монахов В.М., Орлов В.А., Орта мектептегі дифферениалды оқытудың өзектілігі-Москва, Просвещение, 2010ж.

2.Онищук В.А.Қазіргі мектептегі сабақ –Москва, Просвещение 1981ж. 3. 3.Жолдыбекова К. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту/К.Жолдыбекова// Қазақ тілі мен әдебиеті №11.2003.Б.99-102.

Илимбаева Г.Б.

«№102 мектеп-гимназия» КММ,
Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.