Home » Жаңалықтар » «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс ұйымдастырылды

«Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс ұйымдастырылды

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында  «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курстың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында биология пәнін оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Курс барысында биология пәні бойынша білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған есептерді шешу және зертханалық жұмыстарды орындау, өзіндік танымдық қызметтерін ұйымдастыруда белсенді оқытудың әдістерін қолдану, цифрлық ресурстар және виртуалды  лабораториялар мен құрылғыларды қолдану әдістері, STEM сабақты жобалау, биология сабақтарында мәселелерді шешу арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелеріне көңіл бөлінуде.
Курс тыңдаушылары зертханалық жұмыстарды «PASCO» компаниясының «SPARK» және «Xplorer GLX» бағдарламалық жабдықтамасы арқылы практика жүзінде орындады.Олар мәліметтерді жинауға арналған электронды датчиктерді қолдану арқылы қысқа уақытта тәжірибелік жұмыстарды жасап, графикалық түрде  тез демонстрациялауды  және талдауды үйренді.  Одан әрі зерттеушілік дағдыларды дамыту бағытындағы тапсырмаларды орындау Назарбаев зияткерлік мектебінде жалғасты.

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы ПҚБАИ, баспасөз  қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.