Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша Республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр, ол — «Қазақстан – 2050» стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» деген болатын. [1]
Сол «Қазақстан – 2050» Жолдауында «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау жүйесінің негізгі бағыттар» деп баса айтылған.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті, білімін саналы түрде таңдай алатын, халықаралық нарықта бәсекеге түсе алатын маман дайындау. Соған байланысты оқушыларға тек қана білім беру емес, жаңа білімді игеруге, оқушылардың жеке өмірінде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру өте маңызды. Оқушыларды оқыту мен білім беруде маңызды рөл атқаратын негізгі бес дағды бар. Оларға: сыни тұрғыдан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыдан қолдану, коммуникация, ақпаратты өңдеу, зерттеу жұмыстарын орындау.
Биология пәнінде осы және басқа дағдыларды оқу бағдарламасына сай спиралды түрде біртіндеп 7-12 сыныпқа дейін дамыту және жаттықтыру өте маңызды. Биология пәнінде жетілдірілген дағдылар оқушылардың мектепте және өзінің жеке өмір жолында өз потенциалын жүзеге асыруға, бақытты отбасын құруға, қоғам өміріне белсене қатысуға, еңбек етуде, өзінің өмір бойы оқу арқылы дамуына мүмкіндік береді. Биология пәнінде оқушылар тіршілік пен тірі ағзаларды, олардың құрылымын, қызметтерін, өсуі мен шығу тегін, эволюциясын зерттейді. [2]
Биология сабағында пәндік оқу жоспарына сәйкес бөліп шығару бөлімінде 7 сыныпта «ағзалардың тіршілігіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттау», «сабақ пен тамырдың ішкі құрылысын зерттеу», «ұсақ бөлшектердің сұйық пен газдағы қозғалуы мысалында диффузия үдерісін зерттеу», «тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы сапалық өзгерістерді зерттеу», «жергілікті немесе мектеп ауласы мысалында экожүйені зерттеу» деген оқыту мақсаттарында, оқушыларда мұғалім дайын эксперименттер видеосын көрсеткенде немесе көрсетілім барысында сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсіну дағдысын дамыта алады, мәлімет жинау, топта немесе жұпта зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын қалыптастырады. 8 сыныпта осы бөліммен байланысты «өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу», «ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі стратегияларын зерттеу», «мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын зерттеу», «өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсу үдерісін зерттеу», «терінің сезімталдығын зерттеу» деген оқыту мақсаттарында мұғалім оқушыларға зерттеу жүргізудің қарапайым дағдыларын дамытады, мұғалім ауызша немесе жазбаша берген нұсқауларын негізге ала отырып, оқушылар жобалау туралы өз идеяларын ұсынып, қарапайым эксперименттерді жүзеге асырады; қауіпсіздік ережесін сақтайды, нәтижені өңдеу үшін қарапайым амалдарды орындайды, мысалы, қосу, алу, бөлу, көбейту, орта есебін шығарады, экспериментті қарапайым бағалайды; 9 сыныпта «омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру», «ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу», «дайын микропрепараттар арқылы түрлі ағзалардың қанындағы формалық элементтердің ерекшеліктерін зерттеу», «сүйектің макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу», «адам мен жануарлардың тітіркендіргіштерге жауап реакциясын зерттеу», оқыту мақсаттарына сай қарапайым және көп сатылы эксперименттер жасайды, құрал көмегімен дәл өлшемдер алады, сандық деректерді анықтайтын зерттеу түрлерін ажырату дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады. 10 сыныптарда «фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау», «ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу», «сыртқы факторлардың, заттардың флоэма бойымен тасымалдануына әсерін зерттеу», «қол бұлшық еттерінің максимальды күшін және күшке төзімділігін зерттеу», «мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологияларды қолданылуын зерттеу», «популяция өсімінің графигіндегі экспоненциалдық және сигмоидтік қисық сызықтарды талдау» оқыту мақсаттарында тиісті құралды қолдану және оның дәлдігін бағалайды, нәтижені өңдеу үшін есептейді, мысалы, уақыт пайызын есептейді немесе жұмсалған уақытты жылдамдыққа айналдырады; тиісті шкаланы қолданып, Х осі бойына айнымалының мәнін белгілейді, дәлелдерге сүйене отырып қорытынды жазады және алынған деректер осы қорытындыны қалай дәлелдейтінін көрсетеді, зерттеу жұмысының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау, зерттеу жұмысын жүргізу үшін тиісті өлшем бірлігі мен құрал-жабдықтарды қолдану; зерттеу жұмысы барысында қолданылатын айнымалының аралық мәні мен ауқымын анықтайды, 11-12 сыныпта «әр түрлі жағдайлардың (температура, pH, субстрат пен ингибитор концентрациясы) ферменттер белсенділігіне әсерін зерттеу», «фотосинтез бойынша алған ақпаратты қорытындылап, фотосинтез үдерісін моделдеу», «көлденең жолақты бұлшық еттердің ультра құрылымын зерттеу», «өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсуді тездететін) әсер ету механизмін зерттеу», «уақытша микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу», «белгілердің тұқым қуалау нақтылығын талдауға арналған статистикалық әдістерді пайдалану (t-тест, χ² тест)» оқыту мақсаттарын оқыту арқылы оқушыларда алдын-ала жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып жобаланған зерттеу жұмысын жасау, сандық деректерді жинау, заңдылықтан ауытқыған нәтиже болған жағдайда әдісті өзгерту немесе нәтижені қайта тексеру, ғылым мен әртүрлі дерекнамаға қатысы бар гипотезаларға негіздеп, зерттеу жұмысының нәтижесін тұжырымдау, зерттеу жұмысын бастамас бұрын қауіп деңгейін бағалау, құнды мәліметтер алу үшін зерттеу жұмысын жетілдірудің немесе кеңейтудің жолдарын ұсыну дағдылары қалыптасады.
Биология пәнінде оқушылардың жалпы дағдыларымен бірге техникалық дағдылары қалыптасады. Бұл дағдыларды жетілдіру мен жаттықтыру оқушы өміріндегі көптеген кәсіптік бағыттарда ғылым, денсаулық сақтау, зерттеу жұмысын жүргізу, бизнес, басқару мен білім саласында қолдануына ықпалын тигізеді. Сондықтан биология пәнінде тәжірибе жүргізу нәтижесі мен зерттеу жұмысы барысында анализ және синтез, бағалау деңгейлерінде оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою мен тапсырмалар ұйымдастыру өте маңызды.
Қолданылған әдебиеттер тізім:
- http://www.inform.kz/kz/kr-prezidentinin-kazakstan-2050-strategiyasy-kalyptaskan-memlekettin-zhana-sayasi-bagyty-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy_a2518877 сілтемесі
- Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы. кіріктірілген білім беру бағдарламасы «Биология» Негізгі мектеп (7- 10 сынып) арналған оқу бағдарламасы, Мамыр 2017 ж.
Ибраева Айгул Омаровна,
Қарағанды қаласының химия биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі