Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу — дарын.
Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар.
Жастық шақ — әсем зат, оны жастардың оңды-солды шашуы қылмыс.
Газет — өркениеттің жойылуы мен велосипедтен құлаудың айырымын білмейтін баспасөз органы.
Тек ақымақ қана өз өлімінің жақындағанын тойлайтын болады.
Қолынан іс келетін адам жасайды, ал келмейтін адам үйретеді.
Біз құстар секілді көкте ұшуды, балықтар секілді су астында жүзуді үйренгеннен кейін, енді тек адамға ұқсап жерде өмір сүруді үйрену ғана қалды.
Менің әр сәтсіздігімнен кейін абыройым асқақтай түспек.