«Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы мектеп-лицей-интернаты» КММ басшылығы мен ұландардың жеке құрамы Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасында тұратын 8-10 сынып оқушылары ұлдар командасы жолдастық кездесуге барды. Біздің іс-шараға қатысудағы мақсатымыз: жас жеткіншектердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік, тарихқа деген құрмет тәрбиелеу, әскери-патриоттық сезім ұялату еді. Жолдастық кездесу шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, пневматикалық винтовкадан (мылтықтан) ату бағыттары бойынша 14-16 жас аралығындағы ұлдар арасында өтті. Кездесу нәтижесі бойынша шахматтан 9 Л сынып оқушысы Жеңісбеков Жасұлан жүлделі І орын, 8 В сынып оқушысы Джакупов Расул ІІІ орын, дойбыдан 9В сынып оқушысы Ниязбеков Еділ жүлделі І орын, тоғызқұмалақтан 8 В сынып оқушысы Капизов Әділ ІІІ орын, пневматикалық мылтықтан атудан жеке көрсеткіште 9 Е сынып оқушысы Фергатов Данияр ІІІ орын, 9 М сынып оқушысы Ережепов Мерхат 4 орынды иеленді. Сонымен қатар, мектеп ғимаратына, мұражайға саяхат жасалып, ұландардың мектептегі өмірімен таныстырылды. Жас жеткіншектер тез танысып, пікір алмасып жатты, болашақта мұндай кездесулердің қажеттілігіне, әрі жиі болатынына сеніміміз артып қайтты. Жүлделі орынға ие болған оқушыларға медаль, грамота және кубоктар табысталды. «Жас Ұлан» оқушыларының марапаттауды алуда «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деген сөздерін жас өрендер саналарында бірнеше мәрте қайталанды деп ойлаймыз. Жатақхана оқушылары кездесуден алған әсерлері мен жоғары көңіл-күймен «енді олар бізге келсінші, футболдан жарысайық» деген ұсыныстарымен оралды.
Дулатова Гульжан Егизхановна
Сулейменов Олжас Мақсатович
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасының тәрбиешілері