Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.
Жүргізуші: Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.
-Еліміздің Әнұраны орындалады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,ұжымдастар
Бірлік пен ынтымағы халықтың-
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!-дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші: Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
«Елім менің» атты әнімен Назеркені ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр -дей отыра Жанайымды Еңбек ортақ-Жер ортақ әнімен ортамызға шақырамыз.
Жүргізуші: Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүреді.Бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Ералы: Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Данияр: Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
Зере: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз бақшаға барамыз.
Рамина: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Жүргізуші: Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз. — дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.
Би: Назерке.
Жүргізуші: Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады.Ортаға Бейімбетті «Мен қазақпын» әнімен ортаға шақырамыз. Жүргізуші: Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!
Орыс биі.
Жүргізуші: Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кең биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың! -демекші біздің
Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады.Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің өлең шумағын қарсы алыңыздар.
Санжар:Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.
Ернар: Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Санат: Отан ортақ, Жер ортақ,
Ортақ болсын асқар тау.
Нұрислам: Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
Әлинұр: Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Жүргізуші: Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.
Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен. Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.
Би:Өзбек
Жүргізуші: Бірлік — халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады». Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Раянаны-«Ақ көгершін әнімен ортаға шақырамыз.»
Жүргізуші: Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Тасболатова Динара,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы
№52 Б Аралбаев атындағы жалпы орта мектебі жанынан ашылған
«Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі