Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер,шағырақ,киіз үй.
(Ән ұран орындалады)
Жүргізуші Нұрәли:
Бірлік пен ынтымағы халықтың —
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
«Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта».
Жүргізуші Раяна:
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана — қуана қарсы алады. Ендеше бүгінгі осы мерекеге арналған ертеңгілігімізді бастайық.
(Екі дос менікі, жоқ менікі, — деп таласып келе жатады(.
Жүргізуші Раяна: Али, Алинұр сендерге не болды?
Жүргізуші Нұрәли: Неге таласып жатырсыңдар?
Али: Алинұр менің кітабымды алып қойып жатыр ол менікіғой.
Алинұр: Жоқ бұл менікі,-деп Али кітапты тартып алады.
Бағдат: Достар неге таласып жатырсыңдар?
Али: Кітап менікіғой Алинұр оны алып қоймақшы.
Дияс: Достар деген ұрыспайдығой,татауласыңдар.
Нұрәли: Сендер ұрыспаңдар,достар деген ұрыспайды, оданда біздің балалардың өнерін тамашалап, үлгі алыңдар.
Жүргізуші Раяна:
Балалардың бірлік туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Нұрдәулет:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Дияс:
Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
Рамазан:
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Бағдат:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Сабина:
Алтай, Кавказ ұласып,
Бауырайы кең жатыр.
Бақытты әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Жүргізуші Раяна:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз-деп балалар әр ұлттың тақпақтарымен, қабыл алыңыздар!
Анел:
Апимйз бйр авада
Апимйз бйр гун алтында
Ер ананнинң үстиндә
Бизин қыздарнан,гадалар.
Ұлдана:
Достлик мехир берган бизга,
Био хаувлида турамыз
Қолган ата-бободан
Авлаттан қолган мехирлик
Вероника:
Всех сДнем Весны и с Днем Труда.
С прекрасным Первомаем
Мы поздравляем от души
И радости желаем!
Хормен:
Отан ортақ,
Жер ортақ,
Еңбекпен қостық тағдырды.
Жүргізуші Нұрәли:
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.
Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
Ән: («Егемен ел Қазақстан» әні орындалады)
Абдикасимова Раянаның орындауында Егемен ел Қазақстан әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші Раяна:
Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Дидар:
Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.
Дария:
Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүреді.
Шұғыла:
Бір-бірімен тату тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан — тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде.
Ағаларды өлең-жырдың бұлағы.
Аружан:
Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!
Али: Достықтың қадірін білдім.Досым мені кешіресіңбе?
Алинұр: Ия, кешірем әрине.Менікі де дұрыс болмады.
Али: Балалар сендерге көп-көп рахмет.Сау болыңдар! — деп қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші Нұрәли:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.
Шаңырағы кең биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!
-демекші біздің Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады.
Би: «Достық»биін қабыл алыңыздар!
Ән: «Қазағым» әні
Диханбай Рамазанның орындауында Қазағым әнін қабыл алыңыздар!
(Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық қатысушылар әннің ортасында бірге шығып, көрермендермен қоштасады).
Жүргізуші Раяна:
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Сөз кезегін: «Ұлы-Орда» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі:
Ә.А. Тәтпеноваға беріледі.
Жүргізуші Нұрәли:
Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп –көп рахмет.
Əліқұлова Сымбат Кенжебекқызы,
Шымкент қаласы, Бадам ауылы
«Ұлы-Орда» бөбекжай балабақшасыЖШС саз жетекшісі