Мақсаты: Балаларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу
Жүргізуші:
Құрметті: Балалар, Әріптестер!
Сіздерді 1- Мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
« Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді дана халқымыз . Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана –қуана қарсы алады. Сондай –ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, бауырмалдығы үшін бағалайды. Ендеше бүгінгі осы мерекеге арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат еттіңіздер.
Балалар қошеметпен сахнага кіреді.
Жүргізуші:
Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір, бір шаңырақтың астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы , берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады . Ендеше ортамызға келіп отырған қонақтарымызға ерекше қошемет көрсетейік.
Үнді қонағымыз: Арсен , Мадина
Орыс елінен келген қонағымыз: Айжұлдыз, Аяжан, Данабек
Испан қонағымыз: Айсұлтан, Ақмаржан, Әлинұр
Қытай елінен келген қонағымыз: Ізбасар, Шаттық
Шығыстың шайыры мен шырайы: Марина Маулен
Өзбек қонағымыз: Ақберен, Кәусар
Нағыз Қазағымыз: Әділет, Інжу, Мадияр, Нұргүл, Нұрдәулет, Ерсұлтан
Хор: «Ән ұран»
Жүргізуші:
Бірінші мамыр достық күні, бірлік күні
Ұлттардың қосылатын басты күні
Бір ұлт болып, бір жерде бірігеміз
Бір елде мәңгі өмір сүреміз, деп орыс елінен келген Данабек, Айжұлдыз, Аяжан
Би : «Орыс биі »
Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін,- деп Үнді елінен келгкен қонағымыз Арсен , Мадина
Би : «Үнді биі»
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға ,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда ,-деп Қытайдан келген Ізбасар, Шаттық
Ізбасар:
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Ұлттық тағам
Шаттық:
Дос болайық бәріміз ,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Жүргізуші:
Достық тапса діндер менен ділімді
Салт – дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі ,
Бір туғандай ұлттаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді,- деп Өзбек елінен келген Кәусар, Ақберен
Би: « Өзбек биі »
Жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр ,- деп Испан елінен келген Айсұлтан, Ақмаржан,Әлинұр.
Ақмаржан:
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып , билеген халықтың үні.
Тұтасып , тойлаған ұлттар ,
Керемет мереке, мамырдың бірі .
Айсұлтан: Ұлттық тағам.
Жүргізуші:
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін ,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!,- деп Шығыс елінен келген Марина , Мәулен
Би: « Шығыс » биі
Жүргізуші:
Кең байтақ , көз жетпейтін жерім менің ,
Таулы орман , жасыл жайлау , көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің , — деп қазағымызды қошеметпен қарсы аламыз: Әділет, Інжу, Мадияр , Нұрдәулет, Нұргүл, Ерсұлтан
Нұргүл:
Бейбітшілік ұраны ,
Жарқыраған алтын күн
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Мадияр:
Достық үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата – бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Нұрдәулет: Ұлттық тағам.
Би : «Қазақ» биі
Орындайтындар: Әділет, Інжу
Хор: Достық туралы ән
Жүргізуші:
Сөз кезегі беріледі
Жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден ,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!- деп, 1- мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқтаймыз сау болыңыздар!
Мереева Жазира Тагабергеновна
«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК
«Балауса» тобының тәрбиешісі