Home » Балабақша » Берекелі ұжымда ұстаз беделі биік 

Берекелі ұжымда ұстаз беделі биік 

Мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерді шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс –тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Бүлдіршіндерге үздіксіз білім мен тәрбие берудің үлгісі ретінде Астана қаласындағы №60 «Арай» балабақшасын айрықша атауға болады.Себебі балабақшадағы мектепке дейінгі білім мен тәрбие үлгі боларлықтай дәрежеде ұйымдастырылып,жақсы жолға қойылған.
Мен Сулейманова Жарқын Кузембайевна 2015 жылдың желтоқсан айында осы балабақшаға меңгеруші болып тағайындалып келдім.Балабақшаның басты мақсаты – дені сау,жан-жақты,түсінігі қалыптасқан және білімі мен тәрбиесінде міні жоқ балаларды өсіру. Балабақша ұжымы сол мақсатты орындау жолында қажырлы еңбек ету үстінде. №60 «Арай» балабақшасы 2011 жылдың 25 ші қазан айынан бастап балаларды тәрбиелеу мен білім беру бағытын ұстанып қазіргі күнге дейін өз жұмысын атқарып келеді. Балабақша Астана қаласы Мичурино тұрғын кентінде орналасқан. Балабақша заманауи талаптарға сәйкес әдістемелік, материалдық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Балабақшаның жалпы сыйымдылығы 240 орын болса, балалардың жалпы саны 12 топ құрайды. Оның ішінде 7  қазақ тобы және 5 орыс тобы бар.
Бала тәрбиесіне жауапты жандар бірінші – отбасы болса екінші – білім ордасы. Балабақшада 25-педагог қызмет атқарады. Оның 80 пайызы жоғары білімді.Ұжымда жас мамандар саны да жыл санап өсіп келеді. Оларға бағыт-бағдар беретін жоғарғы санатты, көп жылғы еңбек өтілі  мен тәжірибесі мол білімді педагогтар – тәлімгерлерге  демеу беріп келеді.Педагогтар үнемі өз білімдерін көтеріп,тәжірибе алмасу іс-шараларына қатысып отырады.

Тал бесіктен басталатын бала тәрбиесін бүгінгі заман талабына сай жан-жақты жетілдіру үшін жабдықталған «Өзін-өзі тану», музыка, бассейн, би, спорт залдары жұмыс жасайды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері жаңа мултимедиялық құралдармен, оқу-кешендерімен, интерактивті тақталарды қолдану арқылы жүзеге асып отырады. Жыл сайын кезектегі балалардың саны артпаса кеміген емес.

Жалпы балабақшаға тек осы жердің тұрғылықты тұрғындар балалары келеді.2018-2019 оқу жылдарында балабақшада біршама өзгерістер болды. Білім басқармасының басшысы Жангозин Ануар Қанатұлының қолдауымен заман талабына сай қосымша ақылы қызметтер саны көбейді.Атап айтар болсақ сөйлеуді түзету, хореография, бейнелеу студиясы, робототехника кабинеттері жұмыс жасауда.Бұл қосымша ақылы қызметтер ата-ана үшін өте ыңғайлы (баланы басқа бір мекемеге апарудың еш қажетті жоқ,бір мекеменің ішінде қосымша қызметтерге бару арқылы баланы одан арі дамыта аламыз) Бұл қызмет түрлеріне арнайы кабинеттер бар.Ол кабинеттер заманауи құрал жабдықпен жабдықталған. Әр жұмыстың өз қиындығы бар, маған осы еңбек жолымда қанша қиын болса да, бастысы балалардың ұлт жанды болып өсуіне ықпал ету еді. Балабақша тәрбиеленушілері  жақсы тәрбие алу үшін,ең алдымен мен үшін педогогтар қатарын білім суымен сусындандыру, алдыңғы орында.Қаладан алыс орналасуына байланысты, ең алғашқы қиындық кадр құрамын жинақтау,оладың білім деңгейін көтеру болатын.

Балабақшамызда әр ай сайын ашық оқу іс-әрекеттері, мерекелік ертеңгіліктер,ата-аналармен,балалармен,тәрбиешілермен әр түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады. Балабақшада балаларға білім,тәлім-тәрбиемен қатар салт-дәстүр, тіл үйрету жұмыстары жүргізілуде. «Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте» дегендей ата-аналар және бүлдіршіндер арасында жыл сайын «Спорттық сайыстар», сайыстары өтіледі.

Балабақшада ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған. Білім беруде қандай да бір нәтижеге қол жеткізу жолында ата-ана мен педагог арасындағы тығыз байланыс маңызды рөл атқарады. Баланың өмірде өз орнын табудың алғашқы баспалдақтары балабақшадан басталары бәріне мәлім. Осы негізде ата-ана мен балабақша арасындағы ықпалдастықтың негізі қалануы барысында қарым-қатынас моделі пайда болады,баланың ой-санасы жетіле түсіп, жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашылады. Балабақшада  ұйымдастырылатын мерекелік ертеңгіліктерге,көрмелерге ата-аналар белсене қатысады. «Биле-биле», «Ал қәнекей аналар», «Екі жұлдыз» «Ең үздік топ», «Ең көрікті аула», сайысы және отбасылық спорттық сайыстар «Әкем,шешем және мен», «Толағай» салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған көптеген іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Көктемнің алғашқы жайма шуақ күндерімен бірге асыға күткен қазақтың ұлттық Наурыз мерекесін №60 «Арай» балабақшасы «Қош келдің — Наурызым» атты мерекелік іс-шараны ерекше атап өтті. Іс-шарада балалар өз өнерлерін паш етті. Ұлттық дәстүрімізді  ұлықтайтын ұлыстың Ұлы күнінде біздің балабақша тәрбиешілері мен бүлдіршіндері осы Мичурино кентінде би билеп ән шырқады. «Ұстаздық еткен жалықпас» дегендей №60 «Арай» балабақшасындағы әдіскер Бибігүл Абылайқызы тәрбиешілер арасында әдістемелік жұмыстар жүргізіп, тәрбиешілерге инновациялық бағытта қызмет атқаруға бағдар беріп отырады. Осындай жүйелі түрде іске асырылып отырған жұмыстардың нәтижесінде тәрбиешілер  Шукужанова Кымбат Кайлошовна , Бекбаева Гүлмира Шайкеновна,Жиеналина Айгерім Едилбаевна, Жүсіпбекова Гүлнұр Кадержановна,Төлегенова Альмира Балықбаевна, Төкешова Қызғалдақ Кәдіржановна ,Дәрменова Мерей Ергалиевна, Жаманбалина Маржан Қайратовна, Серкебаева Тұрар Хасеновна,Мельникова Наталия  Анатольевна.Авхимовия Наталия Борисовна, Бекетаева Арайлым Жанатовна, Ильясова Асем Амантаевна,Шефер Алина Валерьевна,   Касымова Гүлмира Елемес қызы,Акбергенова Татэгуль Анурабековна, Татенова Айжан Сериккановна, Курыкбаева Рабига Бакытжановна, Төлеу Жандос Маратұлы, Сулейманова Мадина Амантаевна, Орман Айнагүл Күмісбекқызы, және бабабақша әдіскері Исмагамбетова Бибигуль Абылаевнаны айрықша атап өтуге болады. Қызметкерлер балабақшада белсене қызмет етіп,ата-аналардың алғысын алуда. Сонымен қатар, еңбектенуден жалықпайтын тәжірибелі, жаңашылдыққа жаны жақын тәрбиешілер тәлімін алған балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ, балалар   9 мамыр күніне соғыс ардагерлеріне арнап бағдарлама әзірлеп ,осы күнді ерекше атап өтеміз.Барлық соғыс ардагерлері мен тыл қызметінде еңбек еткен жандар балабақшаға қонаққа келеді.Ал үйлерінде жатып қалған кісілер үшін, балалар үйлеріне барып құттықтап қайтты. Балаларды үлкенді сыйлап, құрмет көрсетуге баулығанымыз ел ертеңгі ұл-қыздарымызға көрсеткен даңғыл жолымыз. Ана құрметтеп, ата дәстүрімізден алшақтамай, болашаққа тық қадам басар балғындарымыз аман болсын.

Сулейменова Жарқын Кузембайқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№60 «Арай» балабақшасының меңгерушісі
.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.