Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайсысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.
Балалар әдемі сазды әуенмен залға кіріп орналасады.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар, балалар! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Нұрбөбек» ортаңғы тобының дайындаған «Берекелі де ырысты алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз!
(Балалар музыка әуенімен залға кіреді)
Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Жүргізуші: Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар)
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар:
Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
(Балалар қазақша, орысша, ағылшынша тақпақтар оқиды )
Артур:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер,
Күздің тойын бастайық.
Би билейік, ойнайық
Көбейді құт-береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз!
Зере:
Жайдарлы жаз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең дала,
Дариядай шалқар күн.
Қуандырып біздерді,
Кел, жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,
Кемелденсін халқымыз!
Сымбат:
Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Асылзат:
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі .
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Ән: «Алтын күз»
Көрініс. Осы кезде әуен ойналып «Шалқан» ертегісі басталады)
Автор: (Дилан) Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде шалқан күннің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде атай шалқанға тамсанып қарайды.
Ата: (Нұрфат) Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.
Автор: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. Қой көмекке кемпірімді шақырайын.
Кемпірім, кемпірім,келші қарашы, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым. Кел екеуміз бірге тартайық.
Кемпір (Райхан) Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тартсақ тартайық.
Автор: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды апа, сізге көмектесейін.
Автор: Қыз көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін шақырады.
Немере қыз: (Сымбат) Күшігім көмекке келші.
Ит: Аф, аф, аф, көмектес десеңдер көмектесейін.
Автор: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты шақырады.
Ит: (Әсет) Мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: (Нұрберген) Мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Тышқан: (Зере) Әрине көмектесіп жіберемін.
Автор: Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.
Күз ханшайымы: Рахмет, мен өзіммен бірге ойын ала келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар балалар!
Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Би «Радуга», бір топ қыздар
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә балалардың өнері ұнады.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты шеше алдыңдар.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (сәбіз)
2.Жайлы жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін.
Бұл не? ( Орамжапырақ)Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)
Жүргізуші:
Тоңазып атырап,
Қай жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Цветные игры, орыс тілінде
Би «Күз ханзадалары», бір топ ұлдар.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Міне, менің сыйлығым – бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық әкелсін!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығыңа рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.
Осы кезде әуен ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып кетеді.
Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін, көп еңбек ету керек. Сондықтан сіздер еңбекшіл болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық. Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Берекелі де ырысты алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!