Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан елінің тәуелсіздігіне байланысты слайдтар, бейнежазба, Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Қазақстан картасы, макеттер, рәміздер суреттері, парақшалар, сөзжұмбақ, постер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Барлығы хормен
Бұлбұл жанған гүл шағында,
Біз отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу – ұранымыз!
Қызығушылығын ояту.
Сабағымызды бастамас бұрын бейнежазбаға назар аударайық.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз не туралы болмақ?
— Алда қандай мереке келе жатыр?
— Қазақстан туралы не білеміз?
— Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Алдымызда еліміздің тәуелсіздік алған үлкен мерекелік күні келе жатыр. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймын!
Бүгін «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты тәрбие сабағымызды бастаймыз.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Солардың ішіндегі жан тебірентер сәттегі Қазақ елінің еркіндігі мен бостандығы жолында күресіп, халқының тәуелсіздігін көре алмай қыршын кеткен, желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжановалар бар еді.
Хор: «16-желтоқсан» әні.
Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
«Туған ел» суреті
Оқушы:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Оқушы: Бостандық құтты болсынерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Оқушы: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
Оқушы: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.
Оқушы: Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.
Оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,- деп — Әнұран?!«Әнұран» суреті
Оқушы: Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді. «Елтаңба» суреті
— Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі . Желтоқсан жұлдыздарының арманы орындалып, 1991жылы желтоқсан айында «Қазақстан-тәуелсіз Республика» деп жарияланды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің туымыз тәуелсіздік, тілегіміз- бейбітшілік, тыныштық. Күш қолдану мен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік-жігерімізді аямаймыз» — деген болатын.
Қазақ елі аңсаған тәуелсіздігіне 1991жылы 16 желтоқсанда қол жеткізді.
Еліміз Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды-деп айтамыз. Мұның себебін кімдер айтып береді?
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясаткер, ғалым және стратег ретінде қысқа кезең ішінде тәуелсіз мемлекеттің оң жетістіктерге қол жеткізе алатындығын бүкіл әлем алдында дәлелдеп берді.
Топпен жұмыс. (топтарға тапсырмалар беріледі.)
1-топ: «Қазақстан» тобы
Сөзжұмбақ шешу.
2-топ: «Отан»тобы
- Отан сөзінің мағынасына байланысты постер құрастыру.
3-топ: «Атамекен» тобы
- Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
- Қазақстан картасын құрастыру.
Қорытынды.
Ендеше, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі болған маңызды оқиғаларға тоқтала кетсек.
1991 жыл-Тәуелсіздік алған жыл.
1992 жыл-Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ мүше болып кірді.
1993жылы-15 қараша ұлттық валюта деп аталып, ҚР –ның алғашқы теңгесі айналымға шықты.
1994 жылы-мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Т.Мұсабаев ғарышқа ұшты.
1995 жылы-30 тамызда ҚР Ата Заңы қабылданды.
1996 жылы-20-қаңтарда ҚР 1-сессиясы болып өтті
1997 жылы-Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы деп аталды.
1998 жылы 6 мамыр Астана күні
1999 жыл 10-қаңтарда президенттің сайлауы өтті.
2000 жыл мәдениетті қолдау жылы деп аталды. Түркістанға 1500 жыл толды.
2001 жылы 21 ғасыр бастамасы Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жылы-денсаулық жылы деп жарияланды
2003-2005жылдары -ауыл жылы деп жарияланды
2004 жылы Қазақстан –Ресей жылы болыпты
2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.
2006 жылы-ҚР Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жылы –қазақ тілін қолдау жылы
2008 жыл-Украинаның Қазақстандағы жылы
2009 жыл-халық санағын жүргізілді.
2010 жылы Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің Саммиті өтті.
2011 жылы – 7 қысқы Азия ойындары, Тәуелсіздікке 20 жыл толды.
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.
2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.
2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтті.
2016 жылы – Рио қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары өтті
2017 жылы – «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті.
Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас Тәуелсіз мемлекетімізді гүлдендіру, бекіту, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты сөздеріміз.
Тілек бұрышы
Мұғалім: Әр оқушы алдындағы жүрекше тәрізді парақшаларға Отанға, Елге деген тілектерін жазады.Бұл тілектерін Қазақстан картасына іледі.
Хор. « Егемен ел» әні орындалады.
- Осымен ашық тәрбие сағатымыз өз мәреміне жетті.
- Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет.
Бердіхан Еркегүл,
Астана қаласы,
№69 мектеп- гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі