Бергалиева Тузелхан Курыкбаевна,
«№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Әбіш Кекілбаев. « Тасбақаның шөбі»
Сабақтың мақсаты :
1. Оқушыларға тасбақаның шөбі туралы тереңірек білім беру.
2. Топтық жұмыс арқылы ойлау шеберлігін ,сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, білімге ,еңбекке, жан – жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру .
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап ,миға шабуыл, ой шақыру ,топтық жұмыс , АКТ,белсенділік,эссе жазу.
кері байланыс.
Пәнаралық байланыс: музыка , дүниетану , бейнелеу.
Күтілетін нәтижелері:Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын молайтады және өз пікірін ашық айта білуге, еркін қорғауға . Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Ұйымдастыру кезеңі :
— Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік , жарық , мейірімді ,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым .
–Балалар жыл мезгілдерін атайықшы .
-Қыс ,Көктем ,Жаз , Күз айлары.
–Ендеше жыл мезгілдеріне қарай 4 топқа бөлініп отыра қоялық .
АКТ бейнеролик «Наурыз»туралы бейнефильм
–Балалар , нені көрдіңдер?
Наурыз мейрамын көрдік.
Үй тапсырмасын сұрау.
Қыс: Сәкен Сейфуллиннің « Наурыз» өлеңін мәнерлеп оқу.
Жаз: Қазақтың ұлттық тағамдарының атын атау.
Көктем : Қазақтың ұлттық ойындарының атын атау.
Күз : Қазақтың қандай салт – дәстүрлерін білесіңдер?
-Жарайсыңдар демек , наурыз айының жыл басы, жаңару екенін ұлттық мейрамымыз туралы, ондағы салт-дәстүрлер т.б. туралы білдіңіздер.
Яғни, барлық тіршілік иелеріде жан-жануарлар, жәндіктер ,адамдар талпынып еңбек ете бастайды.
Келесі АКТ бейнероликке қарайық.
-Нелерді көріп отырмыз?
-Жануарларды.
-Кім біледі жорғалаушылар тобына нені жатқызамыз?
-Тасбақаны жатқызамыз.
-Дұрыс.
-Тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар.
Оны панцирь деп атайды.
-Олай болса, Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» атты әңгімесімен
танысамыз.
Оқушыларға Әбіш Кекілбаев туралы мағлұмат беру)
Әбіш Кекілбаев 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері. 70 жыл мерей тойы аталып өтті. Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б.роман, повестері бар.
2015ж 10 желтоқсанда 76 жасында дүниеден өтті.
Оқулықпен жұмыс «Автордың орындығы» әдісі.
Әр топ бөлім бойынша іштей оқу .
Әр топ іштей оқып болғасын тақта алдына орындық қойылады.Бір оқушы
орындыққа отырып ,өз ойын автор ретінде баяндайды.Аудитория сұрақ қояды. (Бұл жерде оқушылар әр бөлімді талдап бірлесіп ,қарым – қатынас шеберліктерін еркін көрсетеді.
Сөздік жұмысы :
Көсік — далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік
Кібіртік –тоқтап, сүрініп жүреді.
Мимырт — жай жүреді, шабан жүріс.
Қара жал қақырай сөгіліпті – жердің жарылуы, жарық –жарық болып бөлініп қалуы.
Сергіту сәті «Мимикалық ситуация»
1. Сен Қарабаласың тасбақаны көргендегі таңданыс сезімің.
2. Тасбақаның шөбін тауып алған сәтін көрсет.
3. Тасбақаның суда жузгенін, құлықта жорғалағанын көрсет.
4. Сен білесің бе?
АКТ интернет желісінен «Жусан» мен «Адыраспан»
туралы мәлімет тауып көрейікші.
Қыс : Жусан туралы не білесіздер?
Көктем : Жусанның қандай пайдасы бар?
Жаз: Адыраспан туралы не білесіздер?
Күз : Адыраспанның қандай пайдасы бар?
Балалар жауап береді.
— Дұрыс , енді мына тасбақада өз ойын айтқысы келеді.Өйткені ол ұзақ
Жыл өмір сүргендіктен шөптерді көп таниды.
Слайд №1 «Жусан»
Слайд №2 « Адыраспан»
Кері байланыс:
Қыс : Тасбақа туралы не білесіздер?
Көктем : Табиғат , жан-жануар т.б туралы қандай ырым- тиымдарды біле-
сіздер?
Жаз: сөзі 3 тілде қалай аталады?
Күз : Бес жолды өлең құрастыру.
Бағалау критерийі:
Үй тапсырмасын орындауы
Мәнерлеп оқи білуі
Сұраққа дұрыс жауап беруі
Топтық жұмысты орындауы
Бес жолды өлең құрастыруы.
Әр топтан 3-4 оқушыдан өздері 4-5 немесе 3 ке жауап бергенін айтады.
Уйге тапсырма :
Егер мен аузына шөп тістеген тасбақаға кезіксем … әңгіме жазу.
Қорытындылау.
Міне, балалар, заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш
Кекілбаев бұл үзінді арқылы «Жақсы сөз –жарым ырыс»
дегендей ырым сөздерге сеніп ,жақсы нәрселерді ырымдап
отыратынын айтқысы келген.
-Олай болса менде
Осы сабақты бастарда ,
Тасбақа алдымнан шыққанда
Жолым болып сабағым,
Жақсы өтеді деп баладым.
Бәріңіз сабаққа жақсы қатыстыңыздар, ендеше неге көңілденбеске. Қанекей, сабақты
« Көңілді күн» әнімен аяқтайық.