Home » Білім және тұлға » Белсенді, іскер тұлға қалыптастыру — заман талабы

Белсенді, іскер тұлға қалыптастыру — заман талабы

Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Заман ағымына ілесу жолында жас ұрпақтың тек қана білім алуы жеткіліксіз. Жаңартылған білім беру мазмұны оқушының жаңаша ойлау, зерттеу, дәлелдеу қабілетін, белсенділігін арттыру, сыни, шығармашылық тұрғыда ойлау дәрежесін дамыту, білімге деген құштарлығын ояту, алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағытталған.

Елбасымыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман»дегендей еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы болашақта бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Сондықтан оқушылардың сапалы білім алуына, ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде әр қадамын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу әрбір мұғалімнің басты міндеті.

Жаңа білім беру мазмұны мұғалімдерден оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуді талап етеді. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі оқушылардың білім алуына және алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізеді.

Жаңартылған білім беру мазмұны барысында нәтижеге қол жеткізу үшін қолдануға ұсынылған тәсілдер;

* Сындарлы оқыту –білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүммікдік береді.Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді.

* Белсенді оқу –оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс.

* Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;

* Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;

* Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;

* Ашық сұрақтарды пайдалану;

* Дәлел ұсынуға ынталандыру;

* Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;

* Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.

Жоғарыда сөз етілген тәсілдерді орынды жүргізе білу үшін мұғалім көп ізденуі және жұмысты дұрыс жүйелеуі, оқушы жас-ерекшелігіне қарай тапсырма дайындауы, кері байланыс ұсыну,бағалау критерилерін шынайы қолдану және жүргізуге дайын болуы керек.

Ұлы жазушы М.Әуезов «Білім-бақтың жібермейтін қазығы,Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы»демекші сапалы білім беру жаһандану дәуірінің талабы .

Елбасымыз «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» дегендей өмірде өз білімін қолдана алатын білімді, саналы, бәсекеге қабілетті азаматты тәрбиелеу жолында шығармашыл, ізденімпаз ұстаздар ғана табысқа жетеді.

Рудный қаласы әкімдігінің

«№7 мектеп-гимназиясы»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Айтпенова Светлана Садирбаевна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.