Home » Жаңалықтар » Белсенді оқыту енгізілуде

Белсенді оқыту енгізілуде

2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»да «Жаңартылған білім беру жағдайында білім беру үрдісіне белсенді оқытуды енгізу» тақырыбында мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өткеннен кейінгі педагогикалық қызмет үрдісінде белсенді оқыту бойынша тәжірибені ұсыну болып табылды.

Іс-шараны ұйымдастырушы – филиалдың мектепке дейінгі және бастауыш оқыту, тұлғаны тәрбиелеу кафедрасы.

Онлайн-семинарға Қостанай облысының барлық аймақтарынан 40 мектептер қосылды.

Семинар барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқан бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті: Қостанай қаласы №24а мектеп-гимназиясының мұғалімдері Б.Қ. Дөненбаева мен З.А. Қалдаманова математика және сауат ашу сабақтарында белсенді оқу әдістерін қалай пайдаланатындықтары туралы ой бөлісті. Ал М.Хакімжанова атындағы №20 орта мектептің мұғалімдері Ж.Қ.Жарқымбаева, Г.К. Айгужина және Ж.С. Сапабек қазақ тілі және басқа пән сабақтарын өткізу жайлы сөз қозғады. №15 орта мектептің мұғалімі А.А.Умиржанова оқу мақсаттарына жету тәжірибесін ортаға салды. Рудный қаласы №7 мектеп-гимназиясының директоры Қ.И. Бірманова мен сол мектептің мұғалімі А.Е. Жұмабаева және Меңдіқара ауданы Ғ.Жұмабаев атындағы мектептің мұғалімі С.М. Махмутова, сонымен қатар Амангелді ауданы Қолдасбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Г.Ж. Жалелованың жасаған баяндамалары заманауи оқыту технологияларына арналды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

Р.М. Нуржанова,

филиалдың

МДБОТТ кафедрасының

аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.